Инструкция по эксплуатации Samsung LE52B620R3W

Страница 143

Advertising
background image

казақ - 4

Мәселе

Шешім

Басқа мәселе

Сурет бейнебетте толық

көрсетілмейді.

Стандартты ажыратымдылықта тұрған мазмұнды (4:3) жоғары ажыратымдылыққа

дейін жаңартып көрсететін арналарда, бейнебеттің әр жиегінде қара жолақтар

көрсетіледі.
Геометриялық өлшемдерінің қатынасы теледидардағыдан басқаша болатын

фильмдерде, бейнебеттің үстіңгі және астыңғы жағында қара жолақтар пайда

болады.
Сыртқы құрылғы немесе теледидардағы сурет өлшемінің параметрін, сурет

бейнебетті толық алатын етіп реттеңіз.

Қашықтан басқару пульті жұмыс

жасамайды.

Қашықтан басқару пультінің батареяларының (+ -) плюсі мен минусын дұрыс

келтіріп салыңыз.
Қашықтан басқару пультінің ұшындағы сигнал жіберетін көзді тазалаңыз.
Қашықтан басқару пультін теледидарға 5~6 фут қашықтықтан тура бағыттап көріңіз.


Теледидар қуаты мен үнділігін

Кабель/Спутниктік ресивердің

қашықтан басқару пультімен

басқара алмаймын.

Кабель/Спутниктік ресивердің қашықтан басқаратын пультін, теледидарды

басқаратын етіп бағдарламалаңыз. SAMSUNG теледидар кодын, Кабель/

Спутниктік теледидар пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.

‘Қолдау көрсетілмейтін режим’

хабары пайда болады.

Теледидар қолдау көрсететін ажыратымдылықты тексеріңіз де, сыртқы

құрылғының шығыс ажыратымдылығын тиісінше орнатыңыз. Осы нұсқаулықтағы

ажыратымдылық параметрін орнату туралы ақпаратты қараңыз.

Теледидардан пластиктің иісі

шығады.

Бұндай иістің шығуы қалыпты жағдай және ол уақыт өте келе жойылып кетеді.

Өздігінен диагностика коюға

арналған сынақ мәзірінде

теледидар

Signal Information

параметрі жоқ.

Бұл функция тек Антенна (RF/Coax) қосылымы (

Air немесе Cable) арқылы

қабылданатын сандық арналарда ғана бар.

Теледидар оңға немесе солға

қарай қисайған.

Теледидардың тағанын алыңыз да, қайта құрастырыңыз.

Таған қайта құрастырылмайды.

Теледидардың тегіс жерде тұрғанына көз жеткізіңіз. Теледидардың бұрандаларын

шешіп ала алмасаңыз, магниті бар бұранда бұрағышты қолданыңыз.

Арна мәзірі сұры болып тұр.

(жоқ)

Channel мәзірі тек теледидардың сигнал көзі (Антенна немесе кабель) таңдалған

кезде ғана көрсетіледі.

Параметрлер 30 минут

өткеннен кейін немесе

теледидар сөндірілгеннен кейін

сақталмай қалады.

Егер теледидар

Store Demo режимінде тұрса, ол аудио немесе сурет

параметрлерін 30 минут сайын бастапқы қалпына қойып отырады.

Plug &

Play көмегімен Store Demo режимін Home Use режиміне қойыңыз. SOURCE

түймешігін басып

TV режимін таңдаңыз да, MENUSetupPlug & Play

ENTERE барыңыз.

Аудио немесе видео мезгіл-

мезгіл жоқ болып кетеді.

Сым қосылымдарын тексеріңіз де, қайта жалғаңыз.
Тым қатты немесе жуан сымдарды қолданғандықтан болуы мүмкін. Сымдардың

иілгіш, ұзақ пайдалануға жарамды екендігін тексеріп алыңыз. Егер қабырғаға

орнатқыңыз келсе, 90 градустық жалғастырғыштары бар сымдарды қолдануды

ұсынамыз.


Теледидар бейнебетін

қоршаған жақтаудың жиегіне

жақыннан қарасаңыз, кішігірім

бөлшектерді көре аласыз.

Бұл өнімнің ақаулығы емес, сыртқы жасақтамасының бір бөлігі.

CAM CARD(CI) қолданған кезде,

‘Құпия сигнал’ немесе ‘Әлсіз

сигнал немесе сигнал жоқ’

жазуы пайда болады.

CAM құралының ортақ интерфейс ұяшығына CI картасының салынғанын

тексеріңіз.
CAM құралын теледидардан суырып алыңыз да, ұяшыққа қайта салыңыз.

Теледидар сөндірілгеннен кейін

45 минут өткен соң өздігінен

қосылады.

Бұл қалыпты жағдай, теледидар OTA (Over The Air - Кеңістік арқылы)

функциясын, теледидар қарап отырған кезде қотарылып алынған бағдарламалық

жасақтамаларды жаңарту үшін қосты.

Сурет/үнділікке қатысты мәселе

мезгіл-мезгіл қайталануда.

Сигнал/сигнал көзін тексеріңіз де, өзгертіңіз.

Осы TFT LCD панелін жасап шығару үшін күрделі кіші пикселдер технологиясынан құралатын панель қолданылады.

Дегенмен, бейнебетте аздаған жарық немесе күңгірт пикселдер пайда болуы мүмкін. Бұл пикселдер құрылғы

жұмысына әсер етпейді.

N

BN68-02356J.indb 45

2009-08-07 �� 11:46:54

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: