Инструкция по эксплуатации Samsung LE52B620R3W

Страница 142

Advertising
background image

казақ - 44

Мәселе

Шешім

Сурет шықпайды, видео

көрсетілмейді

Теледидар іске қосылмайды.

Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап

жалғанғанын тексеріңіз.
Қабырғадағы розетканың жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қашықтан басқару пультінің дұрыс жұмыс жасап тұрғанын тексеру үшін

теледидардағы

POWER түймешігін басыңыз. Теледидар іске қосылса, қашықтан

басқару пульті арқылы қосылуы мүмкін. Қашықтан басқару пультіне қатысты

мәселені шешу үшін төмендегі ‘Қашықтан басқару пульті жұмыс істемейді’

тарауын қараңыз.


Теледидар автоматты түрде

сөніп қалады.

Sleep Timer параметрінің Setup мәзірінде On қалпында тұрған-тұрмағанын

тексеріңіз.
Егер теледидар дербес компьютерге жалғанып тұрса, компьютердегі қуат

параметрлерін тексеріңіз.
Айнымалы тоқ сымының қабырғадағы розетка мен теледидарға мықтап

жалғанғанын тексеріңіз.
Егер 10 ~ 15 минут ішінде Антенна/Кабель қосылымынан ешбір сигнал келіп

түспесе, теледидар сөнеді.

Ешбір сурет/видео

көрсетілмейді.

Сым қосылымдарын тексеріңіз.(теледидар мен сыртқы құрылғылардың барлық

сымдарын ағытып алыңыз да, қайта жалғаңыз)
Сыртқы құрылғыңыздың (Кабель/Спутниктік ресивер, DVD, Блю-рей т.с.с.) видео

шығысын, теледидардағы кіріс ұяшықтарына сәйкес келтіріп жалғаңыз. Мысалы,

сыртқы құрылғының шығысы: HDMI, теледидардың кіріс ұяшығы: HDMI.
Жалғанған құрылғының электр желісіне қосулы тұрғанын тексеріңіз.
Теледидардың қашықтан басқару пультіндегі

SOURCE түймешігін басып,

теледидар сигналының көзін дұрыс таңдаңыз.


РЖ (Кабель/Антенна)

қосылымы

Арналардың барлығын

қабылдай алмайды.

Антенна сымының мықтап жалғанғанына көз жеткізіңіз.
Бар арналарды арна тізіміне қосу үшін

Plug & Play параметрін қолданып көріңіз.

MENU - Setup - Plug & Play параметріне барыңыз да, бар арналардың барлығы

сақталғанша күтіңіз.
Антеннаның дұрыс орында тұрғанын тексеріңіз.


Сурет бұзылып көрсетіліп

тұр: үлкен текшелер, кішкене

текшелер, нүктелер, пикселдер

Бейнежазба мазмұнын қысу, әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдерін

көрсеткен кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.
Әлсіз сигнал суретті бұзуы мүмкін. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.

ДК қосылымы

‘Қолдау көрсетілмейтін режим’

хабары пайда болады.

ДК шығыс ажыратымдылығы мен жиілігін, теледидар қолдау көрсете алатын

ажыратымдылықтарға сай келетіндей етіп орнатыңыз.

ДК теледидарға жалғанып

тұрмаса да, сигнал көздері

тізімінде тұрады.

Бұл қалыпты жағдай; ДК теледидарға жалғанып тұрмаса да, сигнал көздері

тізімінде тұрады.

HDMI қосылымы кезінде видео

жақсы көрсетіледі, бірақ ешбір

үн жоқ.

ДК аудио шығыс параметрлерін тексеріңіз.

BN68-02356J.indb 44

2009-08-07 �� 11:46:54

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: