Ақаулық себебін іздеу және түзету – Инструкция по эксплуатации Samsung LE52B620R3W

Страница 141

Advertising
background image

казақ - 43

ақаулық себебін іздеу және түзету

Теледидарға қатысты қандай да бір сұрағыңыз болса, алдымен осы тізімді қараңыз. Ақаулық себебін іздеу және түзетуге

қатысты ақыл-кеңестердің ешбірі сай келмесе, ‘www.samsung.com’ веб-сайтына барып, Қолдау көрсету түймешігін басыңыз

немесе соңғы беттегі тізімде көрсетілген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Мәселе

Шешім

Суреттің сапасы

Ең алдымен, теледидар сынақ бейнені дұрыс көрсететін-көрсетпейтінін тексеру үшін

Picture Test сынағын өткізіңіз.

MENU - Support - Self Diagnosis - Picture test

Сынақ үшін көрсетілетін бейне дұрыс көрсетілмесе, бейненің сапасы сигнал көзіне

байланысты нашар көрсетілуі мүмкін.

Теледидар бейнені дүкенде

тұрған кездегідей жақсы

көрсетпейді.

Егер аналогты Кабель/Спутниктік ресивер қолданылып отырса теледидарды

спутниктік ресиверді қолдану үшін жаңартыңыз. Суреттің ажыратымдылығы

сапалы болуы үшін HDMI немесе компонент сымдарын қолданыңыз.

Кабель/Спутниктік сигнал абоненті: Арналар тізімі ішінен HD(High Definition-

жоғары ажыратымдылық) станцияларын қосып көріңіз.

Air/Cable Антенна қосылымы: Авто бағдарламаларды орындағаннан кейін HD

(жоғары ажыратымдылық) станцияларын қосып көріңіз.

Көптеген жоғары ажыратымдылықтағы арналар, стандартты

ажыратымдылықтағы арна мазмұндары сапасын жақсарту негізінде жасалған.

Кабель/Декодердің ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.

Теледидарды көрсетіліп тұрған сигналдың өлшемі мен ажыратымдылығына сай

келетін қашықтықтан қарап отырғаныңызға көз жеткізіңіз.

N

Сурет бұзылып көрсетіліп

тұр: үлкен текшелер, кішкене

текшелер, нүктелер, пикселдер

Бейнежазба мазмұнын қысу, әсіресе спорт немесе экшн бейнефильмдерін

көрсеткен кезде суреттің сапасын бұзуы мүмкін.

Сигналдың төмен немесе сапасының нашар болуы, суреттің бұзылып көрсетілуіне

әсер етуі мүмкін. Бұл теледидарға қатысты мәселе емес.

Компонент сымдары теріс

жалғанған немесе ұяшықтардың

түстері дұрыс таңдалмаған.

Компонент сымдарын дұрыс ұяшықтарға жалғаңыз. Оларды теріс немесе бос

жалғасаңыз, бейнебет ағаруы немесе түстер бұзылуы мүмкін.

Түс немесе жарықтылықтың

нашар болуы.

Теледидар мәзірінен

Picture параметрлерін түзетіңіз. (Picture режимі, Color,

Brightness, Sharpness)

Energy Saving параметрін, Setup мәзірі арқылы реттеңіз.

Суреттің әдепкі параметрлерін көру үшін оның бастапқы параметрлерін орнатып

көріңіз. (

MENU - Picture - Picture Reset параметріне барыңыз)

Бейнебеттің жиегінде нүктелерден

тұратын сызық пайда болады.

Егер суреттің өлшемі

Screen Fit қалпында тұрса, 16:9 қалпына қойыңыз.

Кабель/Спутниктік ресивердің ажыратымдылығын өзгертіңіз.

Аудио-видео (Құрамдас элемент)

кірісі ғана қолданылғанда,

бейне ақ - қара болып көрсетіледі.

Видео сымын (сары) теледидардың құрамдас элементтеріне арналған 1-ші

кірістегі жасыл ұяшыққа жалғаңыз.

Сурет қозғалмай қалады

немесе арналарды ауыстырған

кезде бұзылып көрсетіледі не

кешігіп көрсетіледі.

Егер теледидарға кабель қорапшасы жалғанып тұрса, оны қайта жалғап көріңіз.

(AC сымын қайта жалғап, кабель қорапшасы қайта іске қосылғанша күтіңіз.

бұған 20 минуттай уақыт кетуі мүмкін.)

Кабель қорапшасының шығыс ажыратымдылығын 1080i немесе 720p қалпына қойыңыз.

Үнділік сапасы

Ең алдымен, теледидардың аудио параметрлерінің дұрыс орнатылғанын тексеру үшін

Sound Test сынағын өткізіп көріңіз.

MENU - Support - Self Diagnosis - Sound Test

Аудио дұрыс тұрса, үнділікке қатысты мәселе сигналдың көзіне байланысты болуы мүмкін.

Ешбір дыбыс шықпайды немесе

максимум қалыпта тұрғанына

қарамастан дыбыс өте бәсең

шығады.

Теледидарға жалғанған сыртқы құрылғының үнділігін тексеріңіз, содан кейін

теледидардың үнділігін сәйкесінше реттеңіз.

Сурет жақсы көрсетіледі, бірақ

еш дыбыс шықпайды.

Speaker Select параметрін, үнділік мәзірі арқылы TV speaker қалпына қойыңыз.

Сыртқы құрылғылардың аудио сымдарының, теледидардағы аудио кіріс

ұяшықтарына дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.

Жалғанған құрылғының аудио шығыс параметрін тексеріңіз. (мысалы: Кабель

қорапшасының аудио параметрін, теледидарға HDMI сымы жалғанған кезде,

HDMI қалпына қоюыңыз қажет болуы мүмкін.)

DVI құрылғысын HDMI сымы арқылы жалғаған кезде, бөлек аудио сымы қажет етіледі.

Үнділік мәнін 30-дан асыра қойып жатсаңыз, SRS функциясын ажыратыңыз.

Құлаққап ұяшығынан істікшені алыңыз. (егер теледидарда бар болса)

Үндеткіштен шуыл шығады.

Сымдардың қосылымдарын тексеріңіз. Видео сымының аудио ұяшыққа жалғанып

тұрмағанын тексеріңіз.

Антенна/Кабель қосылып тұрса, сигналдың күшін тексеріңіз. Әлсіз сигнал үнділікті

бұзуы мүмкін.

¦

BN68-02356J.indb 43

2009-08-07 �� 11:46:53

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: