Жұмысты бастау – Инструкция по эксплуатации Samsung HT-ES4200K
Страница 71
|
10
Қазақша
Жұмысты Бастау
- Файлдың индекстер кестесі зақымданған
болса, Seek (Іздеу) (өткізіп жіберу) функциясын
қолдану мүмкін болмайды.
- Бір файлды желілік қосылым арқылы қашықтан
ойнатқан кезде, желілік жылдамдыққа
байланысты бейне тоқтап-тоқтап ойнатылуы
мүмкін.
Бейне декодері
- H.264 Level 4.1 пішіміне дейін қолдайды.
- H.264 FMO/ASO/RS, VC1 SP/MP/AP L4 және
AVCHD пішімдерін қолдамайды.
- MPEG4 SP, ASP :
1280 x 720 пикселден төмен: ең көбі 60 кадр
1280 x 720 пикселден жоғары: ең көбі 30 кадр
- GMC 2 немесе одан кейінгі пішімдерді
қолдамайды.
Дыбыс декодері
- WMA 7, 8, 9 және STD пішімдерін қолдайды.
- Арналардың саны 2-ден көп болса немесе
файлдар дыбыс сапасын жоғалтпастан
кодсыздандыруды талап етсе, көп арналы
WMA 9 PRO файлдарын қолдамайды.
- Дискретизация жиілігі 22050 Гц моно WMA
пішімін қолдамайды
K
Қолдау көрсетілетін DivX субтитр
файлдарының пішімдері
*.ttxt, *.smi, *.srt, *.sub, *.txt
USB қосылымына қатысты ескертпелер
• Өнім USB сақтау құралын, MP3
ойнатқыштарын, сандық камераларды және
USB картасын оқу құрылғыларын қолдайды.
• Өнім 128 таңбадан ұзын болатын қалта немесе
файл атауларын қолдайды.
• Кейбір USB/сандық бейнекамера құрылғылары
өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Өнім FAT 16, FAT 32 және NTFS файл
жүйелерін қолдайды.
• USB құрылғыларын өнімнің USB портына
тікелей жалғаңыз. USB кабелі арқылы жалғау
үйлесімділік мәселелерін туғызуы мүмкін.
• Бірнеше ұялы карта оқу құрылғысына бірнеше
жад құрылғысы жалғанса, карта оқу құрылғысы
дұрыс істемеуі мүмкін.
• Өнім PTP протоколын қолдамайды.
• «Жүктеу» процесі кезінде USB құрылғысын
ажыратпаңыз.
• Бейне ажыратымдылығы неғұрлым үлкен
болса, оның көрсетілуіне соғұрлым ұзақ уақыт
кетеді.
• Бұл өнім коммерциялық тораптардан жүктеп
алынған DRM (сандық құқықтарды басқару)
құқықтары бар MP3 файлдарын ойната
алмайды.
• Өнім 30 кадр/с (кадр жиілігі) жылдамдығынан
аспайтын бейнелерді ғана қолдайды.
• Өнім флеш-құрылғылар мен USB HDD
құрылғылары сияқты USB ақпарат сақтау
класындағы (MSC) құрылғыларды ғана
қолдайды. (Хабқа қолдау көрсетілмейді.)
• Кейбір USB HDD құрылғылары, бірнеше карта
оқу құрылғылары және флеш-құрылғылар осы
өніммен үйлесімді болмауы мүмкін.
• Кейбір USB құрылғылар шамадан тыс қуат
қажет етсе, олар тізбекті қорғау құралы
тарапынан шектелуі мүмкін.
• USB HDD құрылғысынан ойнату тұрақсыз
болса, HDD құрылғысын розеткаға қосу
арқылы қосымша қуатты қамтамасыз
етіңіз. Егер проблема жалғасса, USB HDD
өндірушісіне хабарласыңыз.
• USB жад құрылғысы бұзылмауы үшін, USB
сақтау құрылғысын қауіпсіз ажырату керек
(«USB құр-н қауіпсіз шығару» әрекетін
орындау арқылы).
Басты мәзірге өту үшін, HOME түймесін,
САРЫ (C) түймені, одан кейін E түймесін
басыңыз.
• SAMSUNG компаниясы кез келген деректер
файлының зақымдалуына немесе деректердің
жоғалуына жауапты емес.
AVCHD
(Күрделі бейне кодек – жоғары айқындық)
• Бұл өнім AVCHD пішімді дискілерді ойната
алады. Бұл дискілер әдетте бейнекамераларда
жазылады және қолданылады.
• AVCHD пішімі – ажыратымдылығы жоғары
сандық бейнекамера пішімі.
• MPEG-4 AVC/H.264 пішімі әдеттегі сурет қысу
пішіміне қарағанда суреттерді жақсырақ қысады.
• Кейбір AVCHD дискілері «x.v.Colour» пішімін
пайдаланады. Бұл өнім «x.v.Colour» пішімін
пайдаланатын AVCHD дискілерін ойната алады.
• «x.v.Colour» – Sony корпорациясының сауда
белгісі.
• «AVCHD» және AVCHD логотипі – Matsushita
Electronic Industrial Co., Ltd. және Sony
корпорациясының сауда белгілері.
HT-ES4200K_RU_KAZ_0316.indd 10
HT-ES4200K_RU_KAZ_0316.indd 10
2012-03-16 오후 2:49:54
2012-03-16 오후 2:49:54