Мазмұны – Инструкция по эксплуатации Samsung RS21HDLMR

Страница 117

Advertising
background image

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық. _05

барлық азық-түлікті шығарыңыз, желі шнурын розеткадан
ажыратыңыз, тоңазытқышты тазалап, жуып кептіріңіз.

Бір немесе екі сағаттың ішінде қалыпқа келтірілетін электр

қуатының сөндірілуі тоңазытқыш температурасына əсер етпейді.
Алайда электр қуаты сөндірулі тұрған кезде тоңазытқыш
есіктерін барынша сирек ашуға тырысу қажет. Егер электр қуаты
24 сағаттан аса қосылмайтын болса, тоңазытқыштағы барлық
мұздатылған азық-түліктерді алып тастаңыз.

Берілген жағдайда тоңазытқышты электр қуаты

желісінен мүмкіндігінше оның тұрақты қалыпты жұмысы
жаңарғанша ажыратып тастаңыз.

Егер тоңазытқыш тапсырысының жиынтығына құлыптың

кілттері кіретін болса, онда кілтті балалардың қолы
жетпейтін, тоңазытқыштан оқшау жерге қою қажет.

Тоңазытқыш белгіленген температура ауқымының

минималды шегінен төмен температуралы үй-жайда ұзақ
уақыт бойы тұрса, онда тоңазытқыш бірқалыпты жұмыс
істемеуі мүмкін (мұздату камерасындағы заттардың
еріп кетуі немесе мұздату камерасы температурасының
қатты жоғарылауы мүмкін).

Төмен температурада тез бұзылатын банан, қауын

сияқты азық-түліктерді сақтамаңыздар.

Мұздың оңтайлы қатуы үшін мұз дайындайтын нысанды

тоңазытқыш өндіруші ұсынған жерге орналастырыңыз.

Сіздің тоңазытқышыңызда автоматты түрде ерітетін,

қатпайтын буландырғыш бар, сондықтан тоңазытқышты
қолмен ерітудің қажеті жоқ.

Автоматты еріту кезінде температураның көтерілуі ISO

стандарттарының талаптарына сəйкес келеді. Егер сіз
тоңазытқышты еріту барысында мұздатылған азық-
түліктердің температурасының шамадан тыс көтерілуінің
алдын алғыңыз келсе, мұздатылған азық-түліктерді
бірнеше қабат қағазға орап қойыңыз.

Кейбір мұздатылған азық-түліктердің сақтау

температурасының көтерілуі олардың сақтау мерзімін
қысқартуы мүмкін. Мұндай азық-түліктерді өндірушілер
ұсынған температурада сақтау үшін оңтайлы
температураны таңдаңыз.

Электр энергиясын үнемдеу
бойынша кеңестер

- Тоңазытқышты жеткілікті дəрежеде

желдетілетін салқын, құрғақ бөлмеге
орнатыңыз. Оған күн сəулесінің тікелей
түспегендігін қамтамасыз етіңіз жəне оны
тікелей жылу көздерінің жанына орнатпаңыз
(мысалы, жылыту батареялары).

- Тоңазытқыштың тесіктерін немесе

шарбақтарын ешқашан жаппаңыз.

- Жылы тағамды тоңазытқышқа салмас бұрын

бөлме температурасына дейін суытып
алыңыз.

- Мұздатылған азық-түліктерді еріту

үшін тоңазыту камерасына салыңыз.
Бұл жағдайда сіз мұздатылған азық-
түліктің төмен температурасын тоңазыту
камерасындағы азық-түліктерді суыту үшін
қолдана аласыз.

- Тоңазытқышқа азық-түлікті салу немесе

одан азық-түлікті алу кезінде оның есігін ұзақ
уақыт ашып қоймаңыз. Есік барынша сирек
ашылса, мұздату камерасында мұздың қатуы
да барынша аз болады.

- Тоңазытқыштың артқы жағын ұдайы тазартып

отырыңыз. Шаң электр энергиясын тұтынуды
арттырады.

- Температураны қажетті деңгейден төмен

қоймаңыз.

- Тоңазытқыштың асты мен артқы жағында ауа

алмасуы үшін жеткілікті орын қалдыру керек.
Желдету тесіктерін жаппаңыз.

- Тоңазытқышты орнату кезінде оң, сол,

артқы жəне үстіңгі жақтарынан саңылау
қалдырыңыз. Бұл сіздің электр энергиясын
тұтынуыңызды азайтады жəне осыған сəйкес
электр энергиясына төлем сомасын да
азайтады.

Мазмұны

SIDE-BY-SIDE ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ОРНАТУ. ……………………………………………………………… 06
SAMSUNG SIDE-BY-SIDE ТОҢАЗЫТҚЫШЫН ПАЙДАЛАНУ. ………………………………………… 15
ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖОЮ ……………………………………………………………………………………… 21

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: