Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық – Инструкция по эксплуатации Samsung RS21HDLMR

Страница 114

Advertising
background image

02_ Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық

регламентіне сəйкес қолданылады жəне осы өнімнің

қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын жəне

жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын

азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым

салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ

сандық код жəне/немесе əріп белгілері түріндегі қаптама

материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ.

Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын алдымен

берілген нұсқаулықты мұқият оқыңыз жəне оны
келешекте пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Төменде келтірілген нұсқаулықтар бірнеше

үлгілерге қатысты болғандықтан, сіздің
тоңазытқышыңыздың сипаттамасы берілген
нұсқаулықта жазылғаннан ерекшеленуі мүмкін.

САҚТАНДЫРУ/ЕСКЕРТУ ҮШІН
ҚОЛДАНЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕР.

ЕСКЕРТУ

Өмірге қауіп төнгендігін немесе қатты
жарақат алу қаупі бар екендігін көрсетеді.

САҚТАНДЫРУ

Жарақат алу қаупі немесе тоңазытқыштың
бұзылу қаупі бар екендігін көрсетеді.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАСҚА БЕЛГІЛЕР.

Жасауға БОЛМАЙТЫН əрекеттерді
көрсетеді.
Бір нəрсені бөлшектеуге ТЫЙЫМ
САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Бір нəрсеге тиюге ТЫЙЫМ
САЛЫНҒАНДЫҒЫН көрсетеді.
Мұқият сақтауға тиісті ережелерді
көрсетеді.
Желі шнурының айырын розеткадан
суыру қажет екендігін көрсетеді.
Тоқ соқпас үшін электр тізбегінің бір ұшын
жерге қосу қажет екендігін көрсетеді.
Бұл белгі көрсетілген əрекетті қызмет көрсету
маманы атқаруы тиіс екендігін көрсетеді.

Бұл белгілер тоңазытқыш тұтынушылары мен
басқа да тұлғаларды жарақат алудан алдын-ала
сақтандыруға арналған.
Берілген белгілер түсіндіретін қауіпсіздік
техникасы бойынша Нұсқаулыққа сүйеніңіздер.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты
оқығаннан кейін оны келешекте пайдалану үшін

қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Тоңазытқышты пайдаланбас бұрын ол дұрыс қойылуы

жəне берілген Нұсқаулыққа сəйкес орнатылуы тиіс.

Берілген бұйымды пайдалану бойынша Нұсқаулықта

сипатталған мақсаттарға сəйкес қолданыңыз.

Біз тоңазытқышқа техникалық қызмет көрсету

бойынша жұмыстарды білікті маманға
тапсыруыңызды ұсынамыз.

Бұл тоңазытқыштарда R600a жəне R143a хладагенті

қолданылуы мүмкін. Егер сіз тоңазытқышыңызда нақты
қай хладагент қолданылатындығын білгіңіз келсе,
тоңазытқыштың артындағы компрессордың төлқұжаттық
кестесіне немесе суыту камерасының ішіне жапсырылған
тоңазытқыштың төлқұжаттық кестесіне қараңыз.

Егер тоңазытқышта (R600a) хладагенті

қолданылатын болса, онда ол қоршаған ортаға
зиянын тигізбейтін, бірақ тұтанғыш келетін
табиғи газ болып табылады. Тоңазытқышты
тасымалдау жəне орнату кезінде хладагент
циркуляциясы контурының ешқандай бөліктеріне
зиян келтірмес үшін абай болу қажет.

Түтіктерден шапшыған хладагент тұтануы немесе сіздің

көзіңізге зақым келтіруі мүмкін. Егер хладагенттің контуры
зақымдалса, ашық оттың кез-келген түрін немесе
тұтанғыш заттарды аулақ ұстаңыз жəне бірнеше минут
ішінде тоңазытқыш тұрған бөлмені желдетіңіз.

Хладагент сыртқа ағып, газ бен ауаның

араласуынан отқа қауіпті қоспаның түзілуін
болдырмау үшін тоңазытқыш орнататын
бөлменің көлемі онда қолданылатын
хладагенттің мөлшеріне сəйкес келуі қажет.

Зақымдану белгілері бар тоңазытқышты

ешқашан қоспаңыз. Егер бұйымның жұмыс
істейтіндігіне күмəндансаңыз, тоңазытқышты
сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Бөлменің көлемі тоңазытқыштағы R600a

хладагентінің əрбір 8 грамына 1 м

3

тең болуы қажет.

Нақты тоңазытқышыңыздағы хладагентінің

мөлшері тоңазытқыш ішіндегі құжаттық
мəліметтері бар кестеде көрсетілген.

Бұйымды қаптауға арналған материалын қоршаған

ортаға қауіпсіз əдіспен кəдеге асырыңыз.

Физикалық, сенсорлық қабілеттері шектелген жəне

де ақыл-есі кем (балаларды қоса алғанда) немесе
тəжірибесі жоқ жəне сауатсыз тұлғалар немесе
олардың əрекеттерін қауіпсіздікке жауап беретін
адам бақыламаса немесе құрылғыны пайдалануға
қатысты нұсқаулықтан хабарсыз болған жағдайда
бұл құрылғыны олардың пайдалануына жол жоқ.

Балалар тоңазытқышпен ойнамас үшін

оларды қараусыз қалдырмаңыз.

ЕО талаптарына сəйкестігі туралы хабарлама

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық.

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

ЕСКЕРТУ

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: