Майлар – Инструкция по эксплуатации LG HB-2001BY

Страница 165

Advertising
background image

165

KZ

қант алмастырғыштарды қолданбаған жөн, себебі

жасанды тәттілегіштер ұйытқымен әрекетке

түспейді.

Ашытқы сондай-ақ ұнның құрамындағы

крахмалды қантқа айналдырып өңдей алмайды.

Сондықтан қант қамырды ашыту үшін міндетті

құралас болып табылады. Алайда, бұл жерде де

шамадан асырып жібермеген дұрыс. Қанттың

мөлшерін асырып жіберу ұйытқының күшін

жоғалтуына және әсерінің төмендеуіне әкеледі.

Мұндай жағдайда нан тығыз әрі жайпақ болып

шығады.

Осыған байланысты құрамында қанты бар әрі

қамырдың көтерілуіне әсер ете алатын кепкен

жеміс-жидекті қамырға артық қосып жіберуден де

сақ болыңыз.

Тұз

Тұз да қамырдың жетілу үрдісіне үлес қосады. Oл

ашытқының жұмысын ретке келтіру үшін қажет.

Тұзсыз ашытқы әлдеқайда тезірек жұмыс істейді,

бірақ өзінің күшінен өте тез айырылады. Тұз

сондай-ақ қамырдың құрылымының нығаюына

ықпалдасады. Eгер тұз жеткіліксіз болса, қамыр өте

тез көтеріледі, бірақ содан кейін пісіру басталмай

жатып немесе пісіру барысында басылып қалады.

Піскен қамыр бұдыр-бұдыр әрі әркелкі болады.

Тұздың орнына сондай-ақ оның ауыстырғыштарын

пайдалануға болады.

Майлар

Майлар қамырдың серпімді болып шығуына

көмектеседі. Біздің рецепттерде біз қамыр

дайындау үшін тек өсімдік майын ұсынамыз, оның

орнына сондай-ақ мал майларын, сарымай немесе

маргарин қолдануға болады. Мұндай жағдайда

Наубайханаға қорытылмаған майларды салардың

алдында оларды шағын кесектерге бөліңіз.

Сарымай қосып иленген қамырды пісірген кезде

әдетте оның қыртысы әлдеқайда кіртілдек болады.

Mаргарин қамырды қаттырақ етуге бейім болады.

Жеңіл әрі шайқалған маргарин қамыр илеуге

жарамсыз келеді.

Сүт

Сүт және сүттен жасалған өнімдер нанға ерекше

иіс беріп, оны айрықша жұмсақ етеді. Сондықтан,

нан шынында да дәмді болып шығуы үшін суды

немесе суға езілген өнімдерді пайдаланғаннан

гөрі сүт пен сүт өнімдерін пайдаланған жақсырақ.

Сүттің құрамында майлар болғандықтан, ашытқы

онда нашар ериді. Бұл кемшілікті түзету үшін

қаймағы алынған сүтті немесе құрғақ сүтті

пайдалануға болады.

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: