Төмендегілерді есте ұстаудың маңызы зор – Инструкция по эксплуатации LG HB-2001BY

Страница 149

Advertising
background image

KZ

Төмендегілерді есте ұстаудың маңызы зор!

Бұйымды әсіресе ол ыстық болған кезде,

балалардың қол жетпейтін жерде ұстаңыз.

Басқару тақтасындағы түймешіктер кездейсоқ

басылып кетсе, Наубайхананың жұмыс барысы

бұзылуы мүмкін.

Бұйымның қалыпты желдетілуін қамтамасыз

ету үшін және оның асқын қызып кетуіне жол

бермес үшін оны қабырғадан кем дегенде 10 см

жерде орналастыру керек.

Жұмыс істеп тұрған бұйымды сүлгімен немесе

майлық орамалмен жаппаңыз – бұл бу шығуына

кедергі жасап, Наубайхананың қаптамасының

бүлінуіне әкеледі.

Наубайхана жұмыс істеп тұрғанда, нан пісіргіш

қалыпты алмаңыз және оған қолыңызды

тықпаңыз. Бұл сияқты әрекеттерді жасау

қажет болған жағдайда, бұйымның жұмыс

бағдарламасын өшіру үшін әуелі CTOП (тоқтату)

түймешігін басыңыз.

Жұмыс аяқталғаннан кейін бұйымды желіден

ажыратыңыз да, әбден суығанша күтіңіз,

содан кейін барлық қоқымды, ұнның қалдығын

және басқа кір-қоқысты дымқыл ысқышпен

немесе шүберекпен сүртіп алыңыз. Жабысып

үлгермеген құрғақ қоқым сондай-ақ шағын

шаңсорғышпен жақсы кетіріледі.

• Осы Наубайхана салмағы 700 грамнан аспайтын

бөлке нанды пісіруге арналған.

• Салынатын азық-түлікті ұсынылған мөлшерінен

асырмаңыз.

• Бұл талапты бұзған жағдайда, қамыр

нашар иеленеді де, тиісті түрде п іспей

қалады.Сонымен қатар бұл Наубайхананың

механизмінің бұзылуына себеп болуы мүмкін.

• Нан пісіруге арналған қалыпқа салуға болатын

ұнның ең үлкен мөлшері 3 өлшем тостағынан

аспауға тиіс екенін ұмытпаңыз. Қамырды

дайындау үшін салынатын ұнның ең үлкен шекті

мөлшері 3,5 өлшем тостағымен шектеледі.

• Нан пісіруге арналған қалыпты қолданған

кезде абай болыңыз. Қалып Наубайхананың

қаптамасынан тек тігінен жоғары қарай

тұтқасынан ұстап салынуға тиіс Алған

кезде қалыпты аударып-төңкермеңіз және

шайқамаңыз. Егер қалып бүлінген немесе

майысқан болса, температура бергіштердің

жұмысы бұзылуы мүмкін. Ыстық қалыппен жұмыс

істеген кезде міндетті түрде ас-үй қолғабын

пайдаланыңыз.

149

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: