Инструкция по эксплуатации LG 55LB860V

Страница 110

Advertising
background image

6

ҚАЗАҚША

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

y

Өнімнің соғылуына немесе бір нәрселердің үстіне құлап кетуін

болдырмаңыз немесе экранын ұрмаңыз.

Жарақаттануыңыз немесе өнім зақымдалуы мүмкін.

y

Өнімді немесе оның антеннасын ешқашан найзағай немесе дауыл

кезінде ұстамаңыз.

Сізді электр тогы соғуы мүмкін.

y

Қабырға розеткасын, онда газ жылыстауы орын алса ұстамаңыз.

Терезені ашып, бөлмені желдетіп алыңыз.

Бұл өрт шығуына немесе ұшқын пайда болуына әкелуі мүмкін.

y

Өнімді өз бетіңізше бөлшектеуші, жөндеуші немесе өзгертуші

болмаңыз.

Өрт шығуы немесе ток соғуы мүмкін.

Тексерту, калибрлеу немесе жөндету үшін қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

y

Келесі жағдайлардың кез келгені орын алса, өнімді дереу ажыратып,

жергілікті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

- Өнімге соққы әсер етті

- Өнім зақымдалды

- Өнімге бөгде заттар кірді

- Өнімнен түтін немесе оғаш иіс шықты

Бұл өрт шығуына немесе электр тогы соғуына әкелуі мүмкін.

y

Егер өнімді ұзақ уақыт қолданбайтын болсаңыз, қуат кабелін өнімнен

ажыратып тастаңыз.

Шаңның жиналуы өрт шығуына немесе изоляцияның бұзылуы токтың

жылыстауына, электр тогының соғуына немесе өртке әкелуі мүмкін.

y

Аппаратқа су тамшыламауы немесе шашырамауы тиіс немесе оның

үстіне ваза секілді су құйылған заттарды қоюға болмайды.

y

Май немесе майлы ауа әсер етуі мүмкін болса, бұл өнімді қабырғаға орнатпаңыз.

Бұл өнімді зақымдауы және ол құлап түсуі мүмкін.

ЕСКЕРТУ

y

Өнімді радио толқындар пайда болмайтын жерге орнатыңыз.

y

Құлап түссе де антеннаның қуат желілеріне тимеуін қамтамасыз

ету үшін сыртқы антенна мен қуат желілерінің арасында жеткілікті

қашықтық болуы керек.

Бұл ток соғу қаупіне себеп болуы мүмкін.

Advertising