Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HW60-1281S

Страница 71

Advertising
background image

31

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Жуу» түймешігі арқылы

негізгі жуу уақытын белгілеуге болады, су қыздыруға

кететін уақыт негізгі жуу уақытына кірмейді.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Шаю» түймешігі

арқылы шаю санын белілеуге болады. Ақпараттық

дисплейде ағымдағы сәтте белгіленген шаю саны

көрсетіледі.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, «Сығу» түймешігі

арқылы сығу уақытын белілеуге болады. Сығу

уақыты ақпараттық дисплейде көрсетіледі.

5. «Интенсивті жуу» түймешігі арқылы осы функцияны

қосуға не өшіруге болады.

6. «Алдын ала жуу» түймешігі арқылы алдын ала жуу

режимін қосуға не өшіруге болады. Түймешік үстіндегі

индикатор лампа функцияның қосылғанын білдіреді.

7. «Бастауды кідірту» режимі түймешігі арқылы жуу циклі

басталуын кідірту уақытын белгілеуге болады, сандық

электрондық тақтада кідіріс уақыты көрсетіледі.

Мысалы, егер дисплейде 4:00 мәні көрсетілсе, ал

белгіленген жуу уақыты 1:34 болса, демек, 2:26 кейін

бағдарлама орындалуы басталады және 4 сағаттан

кейін жуу толығымен аяқталады.

8. «Бастау/Кідіріс» түймешігі арқылы бағдарлама

орындалуын қайта белгіленген параметрлермен іске

қоса аласыз немесе орындалуын тоқтата аласыз.

Кір жуу сатылары

Жуу бағдарламасын іске қосқаннан кейін, электрондық

дисплейдің сандық өрісінде жуудың қалған уақыты

көрсетіледі (сағат пен минут арасындағы қос нүкте

жыпылықтап тұруы керек). Жуу циклі орындалғанда

дисплейде люк құлпының бұғатталу пиктограммасы

пайда болады.

9. Жуу бағдарламасы аяқталғанда электрондық

дисплейде END деген жазу пайда болады. Әуен ойнап,

бір уақытта кіржуғыш машина есігі ашылады.

10.

Назар аударыңыз! Жуу бағдарламасы басталғаннан

кейін, түймешіктердің абайсызда басылып, жуу

бағдарламасы өзгеріп кетпеуі үшін «Балалардан

қорғау» (басқару түймешіктерін бұғаттау) режимін

пайдаланған дұрыс. Жуу аяқталғаннан кейін

«Балалардан қорғау» режимі автоматты түрде

өшпейді, бұл функцияны өзіңіз өшіруіңіз керек.

11.

Назар аударыңыз! Ақпараттық дисплейде

көрсетілетін қалған жуу уақытының ақпараттандыру

қызметі бар. Ол берілетін су температурасына, су

қысымына, заттардың сығу барысындағы біркелкі

жатуына, барабан айналуының жылдамдығына

және басқа да себептерге байланысты өзгеруі

мүмкін. Осыған байланысты жуудың нақты уақыты

мен дисплейде көрсетілетін уақытында шамалы

айырмашылық болуы мүмкін. Бұл қалыпты құбылыс

болып саналады.

Advertising