Ерекше өзгешеліктері – Инструкция по эксплуатации haier HW60-1281S

Страница 50

Advertising
background image

10

Ерекше өзгешеліктері

АМТ технологиясы (көгеруден сақтайтын есік нығыздағышы)

Haier патенттік технологиясы машина есігінің резеңке аралық қабатының тіпті уақыт өте келе көгеруіне жол бермейді.

Автоматты өлшеу

Жоғарытехнологиялық датчик арқасында кіржуғыш машина кірді жуу алдында өлшейді де, барынша жақсы нәтижеге қол

жеткізу және қуат пен уақытты үнемдеу мақсатында сәйкес бағдарламаны, қажетті су және жуғыш зат шығынын автоматты

түрде таңдайды.
JIT (just in time) – тура уақытында

Арнайы датчиктер ағымдағы кірлену концентрациясын, судың жуғыш затпен лайлануын, бактағы көпіру деңгейін анықтайды,

алынған мәндерге байланысты жуу бағдарламасының барлық құрамдастарын есептейді. Бағдарламаның орындалуы нақты

қажет уақытта аяқталады, себебі кіржуғыш машина кірдің қашан таза болатынын өзі анықтайды.
Спорттық жуу

Киімді спортпен айналысқаннан кейін тиімді жууға арналған арнайы бағдарлама.

Жылдамдатылған жуу

Қатты кірлемеген кірге арналған жылдамдатылған толық жуу процесі. Су мен электр қуатының шығынын үнемдеуге мүмкіндік

береді.
Кейінге қалдырылған жуу

Бұл функция жуу бағдарламасының басталуын 1-ден 24 сағатқа дейінгі кідіріспен кейінге қалдырып бағдарламалауға мүмкіндік

береді, бұл – жууды Сізге барынша ыңғайлы кезде аяқтауға мүмкіндік береді.
Жүннен жасалған заттарды жууға арналған режим

IWS (INTERNATIONAL WOOL SECRETARIAT) - ХЖС (Халықаралық жүн секретариаты) кеңестеріне сай жүн мен кашемирді

жууға арналған кәсіби бағдарлама.
Safety guard қауіпсіздік технологиясы

Су жіберумен, ағып кетумен, электр қуатының және кіржуғыш машина агрегаттарының ішкі ақаулықтарымен байланысты

мәселелерден қорғайтын көпфункционалды жүйе.

Advertising