Кір жуу сатылары – Инструкция по эксплуатации haier HW60-1281S

Страница 70

Advertising
background image

30

Төменде «Мақта» бағдарламасының мысалында кіржуғыш

машинаның жуудың толық циклінің барлық кезеңдерін

орындауын қарастырамыз.
1. Кіржуғыш машинаны қуат көзіне қосыңыз, бұдан кейін

машинаның люк есігі автоматты түрде ашылуы мүмкін.

Бағдарлама таңдау тұтқасын бұру арқылы «Мақта»

бағдарламасын таңдаңыз. Ақпараттық дисплейде

AUTO деген жазу шығады.

2. Кіржуғыш машина люгінің есігін ашып, электрондық

дисплейде AL-1 жазуының шығуын күтіңіз. Бұдан кейін

мақта-матадан жасалған заттарды іріктеп, кіржуғыш

машинаға барабан біркелкі толатындай етіп салыңыз.

Ақпараттық дисплейде салынған заттардың саны

жөнінде хабардар ететін код пайда болады, мысалы,

AL-3. Кіржуғыш машина люгінің есігін нығыздап

жабыңыз.

3. Жуғыш заттарға арналған бункерді ашыңыз. 1-бөлімге

(негізгі жуу) қажет мөлшерде кір жууға арналған

ұнтақ салыңыз. Егер кірге кондиционер қажет болса,

сәйкес бөлімге (2-бөлім) кондиционер құйыңыз.

Кондиционерге арналған бөлімдегі MAX белгісінен

асырмау қажеттігін ескеріңіз.

Жуғыш заттарға арналған бункерді нығыздап

жабыңыз. Егер кір қатты кірлеген болса, 3-бөлімге

(алдын ала жуу үшін) жуғыш зат салыңыз немесе

«Интенсивті жуу» режимін қосыңыз.

4. Қажет болған жағдайда жуу температурасын, сығу

жылдамдығын, шаю санын, сығу уақытын және басқа

да (төменде келтірілген) қосымша функцияларды

таңдаңыз:
• Жуу циклі қосылмай тұрып, басқару панеліндегі

температуралық режим таңдау түймешігі арқылы

жуу барысында су қыздырылуы керек қажетті

температураны таңдауға болады.

• Жуу циклі қосылмай тұрып, алдыңғы басқару

панеліндегі сығу жылдамдығын таңдау түймешігі

арқылы сығу барысындағы барабанның айналу

жылдамдығын таңдауға болады.

• Салынатын кірдің салмағын қолмен белгілеу

қажеттігіне байланысты Сіз алдыңғы басқару

панеліндегі «Салу» түймешігін пайдаланып,

салынатын кірдің салмағын 1 кг-дан (ақпараттық

дисплейдегі индикациясы: L-1) 5 кг-ға (ақпараттық

дисплейдегі индикациясы: L-A) дейін өзіңіз белгілей

аласыз.

Егер кір салмағын автоматты анықтау функциясын

пайдалану қажет болса, ақпараттық дисплейде “- -” белгісі

пайда болғанша «Салу» түймешігін басуды жалғастыра

беріңіз.

Кір жуу сатылары

Advertising