Пайдалану – Инструкция по эксплуатации Bosch PHO 1
Страница 39
Қaзақша | 39
Bosch Power Tools
1 609 92A 06U | (16.4.13)
айналдырып жонғы пышағының еш жерде шығып
тұрмауына көз жеткізіңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жоңқа шығатын жерді 3 жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген
жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды
пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.
Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.
Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш
құралын немесе шаң-/жоңқа қабын пайдаланыңыз.
Сыртқы сорғыш (C суретін қараңыз)
Сорғыш адаптерін 15 жоңқа шығатын жерге салыңыз 3.
Сору адаптеріне 15 диаметрі 35 мм сору шлангысын
жалғауға болады.
Сорғыш шлангін 14 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Жеке шаңсору (C суретін қараңыз)
Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (жабдықтар) 16 қосуға
болады. Шаң қабының бекіткіштерін жоңқа шығатын
жерге 3 орнатыңыз. Шаңсору әрдайым оңтайлы болуы
үшін шаң/жоңқа қабын 16 уақтылы босатыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Жоңқалау тереңдігін реттеу
Айналмалы реттегіш 2 жоңқалау тереңдігін бірқалыпты
ретте 1–1,5 мм-ге жоңқалау тереңдігі шкаласы 1 (Шкала
бөлектірі =0,25 мм) арқылы реттеу мүмкін.
Тұру қалыпы
Айналмалы реттегішті 2 жұмыстан соң P қалыпына
онатыңыз (тұру қалыпы). Осылай жонғы пышағы қисайып
электр құралын дайындаманы немесе жонғы пышағын
зықымдау қаупісіз алып қою мүмкін.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 5 басып кейін қосқыш/өшіргішті 4 басып ұстап
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 4
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 4
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Пайдалану нұсқаулары
Жонғы әдісі
Қажетті жоңқалау тереңдігін реттеп электр құралын жонғы
табандығының 6 алғы бөлігімен дайындамаға қарай
қойыңыз.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте
апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.
Электр құралын қосып бір қалыпты ретте өңделетін беттің
үстінен жылжытыңыз.
Жоғары сапалы жонуға жету үшін аздап жылжытып жонғы
табандығын орташа күшпен басыңыз.
Берік ағаш сияқты қатты материалдарды өңдеу және
максималды жонғы енін қолдануда кіші жоңқалау
тереңдігін орнатып, жонғыны жылжыту жылдамдығын
азайтыңыз.
Шамадан тыс жылдамдықпен жылжыту бет өңдеу сапасын
төмендетіп, жоңқа шығатын жерді жылдам бітейді.
Тек өткір жонғы пышақтары дұрыс кесу сапасын
қамтамасыз етіп электр құралын сақтайды.
Қырлардың жүздерін кесу (G суретін қараңыз)
Алғы жонғы табандығының V-ойықтары 7 дайындама
қырларының жүздерін жылдам кесу мүмкіндігін береді.
Бұл үшін жонғыны V-ойығымен дайындама қырына қойып
үстінен жылжытыңыз.
Бағыттайтын/бұрыш планкасымен жоңқалау
(D–F суреттерін қараңыз)
Бағыттайтын планканы 17 немесе бұрыш планкасын 21
бектіткіш бұрандамен 20 электр құралында орнатыңыз.
Пайдалануға байланысты ою тереңдігі планкасын 24
OBJ_BUCH-511-004.book Page 39 Tuesday, April 16, 2013 11:22 AM