Өнім және қызмет сипаттамасы – Инструкция по эксплуатации Bosch PHO 1

Страница 37

Advertising
background image

Қaзақша | 37

Bosch Power Tools

1 609 92A 06U | (16.4.13)

Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру

немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз.
Бұл сақтық әрекеті
электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді.

Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар

қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз.
Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті
болады.

Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы

бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз.
Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.

Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз.

Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш
аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады.

Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы

аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр
құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану
қауіпті.

Қызмет
Электр құралыңызды тек білікті маманға және

арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы
электр құралының қауіпсіздігін сақтайсыз.

Жонғыға арналған қауіпсіздік нұсқаулары

Электр құралын қоюдан алдын пышақты білік

тоқтауын күтіңіз. Бос айланып тұрған пышақты білік
бетке ілініп бақылау жоғалтуы мен ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Пышақты білік құралының өз желілік кабеліне тиюі

мүмкін болғандықтан электр құралын тек қана
айырылған тұтқасынан ұстаңыз.
Тоқ өтетін сымына
тию металлды құрал бөлшектеріне тоқ беріп тоқ
соғуына алып келуі мүмкін.

Дайындаманы қысқышпен немесе басқа жолмен

тұрақты тіреуіште бекітіңіз. Егер дайындаманы тек
қолмен немесе денеге басып ұстасаңыз ол тұрақты
болмай бақылау жоғалтуына алып келуі мүмкін.

Қажетті темір іздеу құралдарын пайдаланып,

жасырылған су, газ, электр сымдарын табыңыз
немесе жергілікті қызмет көрсету ұйымдарын
шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ
соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау
жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырына тию
материалдық зиян немесе тоқ соғуына алып келуі
мүмкін.

Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырынған

қорек сымдарын табыңыз немесе жергілікті қорек
үйымдарын шақырыңыз.
Электр сымдарына тию өрт
немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын
зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын
зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін.

Шығарылған жоңқаларды қолмен алмаңыз.

Айналатын бөлшектерден жарақат алуыңыз мүмкін.

Электр құралды дайындамаға тек қосулы ретте

апарыңыз. Әйтпесе алмалы-салмалы аспап
дайындамаға ілінсе кері соғу қауіпі пайда болады.

Жонғымен жұмыс істегенде табандығының

дыйындамада толық жатуын қадағалаңыз. Кері
жағдайда жонғы қисайып, жарақаттарға алып келуі
мүмкін.

Метал заттар, шеге немесе бұрандалар үстінен

жонғыны жүргізбеңіз. Пышақ пен пышақты білік
зақымданып қатты дірілдеуге алып келуі мүмкін.

Өнім және қызмет сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға алып келуі мүмкін.

Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы брус және тақта сияқты ағаш өнімдерін
жонғымен өңдеуге арналған. Ол сондай -ақ қырларды
жону және ою үшін де жарамды.

Бейнеленген құрамды бөлшектер

Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар
беттегі электр құралының сипаттамасына сай.

1 Жоңқалау тереңдігі шкаласы
2 Жоңқалау тереңдігін реттеу үшін айналмалы

реттегіш (беті оқшауландырылған)

3 Жоңқаларды шығаруға арналған келте құбыр
4 Қосқыш/өшіргіш
5 Қосқыш/өшіргішті блокадалау
6 Жонғы табандығы
7 V-ойығы
8 Тұтқа (беті оқшауландырылған)
9 Пышақ басы

10 Жонғы пышағын қысқыш элемент
11 Жонғы пышағын бекіту бұрандасы
12 HM/TC-жонғы пышағы
13 Алты қырлы дөңгелек кілт
14 Сорғыш шланг (Ø 35 мм)*
15 Сору адаптері*
16 Шаң-/жоңқа қабы*
17 Бағыттайтын планка*
18 Ойық ені шкаласы

OBJ_BUCH-511-004.book Page 37 Tuesday, April 16, 2013 11:22 AM

Advertising