Ақаулықтарды жою – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7D 29 U

Страница 23

Advertising
background image

KZ

23

Ақаулықтарды жою

Кір жуғыш машина кейде жұмыс істемей қалуы мүмкін. Техникалық көмек көрсету орталығына хабарласпас бұрын («Көмек»

тарауын қараңыз), төмендегі тізімді қолдана отырып ақаулықты оңай шешу мүмкін емес екендігіне көз жеткізіңіз.

Ақаулық:

Кір жуғыш машина қосылмайды.

Жуу циклы басталмайды.

Кір жуғыш машина сумен

толтырылмайды.

Кір жуғыш машина есігі

құлыптаулы түрде қалады.

Құрылғы сумен толып, оны

ағызып тұра береді.

Кір жуғыш машина суды

ағызбайды не сықпайды.

Құрылғы сығу циклы барысында

көп дірілдейді.

Кір жуғыш машинадан су ағады.

«Орындалып жатқан кезең»

жазуына сәйкес келетін

белгішелер ҚОСУ/ӨШІРУ

индикатор шамымен бір уақытта

жылдам жыпылықтап тұрады.
Тым көп көбік болады.

Кір жуғыш машина есігі құлыптаулы

түрде қалады.

Ықтимал себептері / шешімдері:

• Құрылғы розеткаға толығымен қосылмаған немесе түйісу үшін жеткілікті емес.

• Үйде ток жоқ.
• Есік дұрыс жабылмаған.

• БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.

• Су шүмегі ашылмаған.

• Кешіктіріп бастау орнатылған.
• Судың кіріс түтігі шүмекке қосылмаған.

• Түтік майыстырылған.

• Су шүмегі ашылмаған.

• Үйде су жоқ.

• Қысым тым төмен.

• БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі басылмаған.
• Егер «Сәби » циклын немесе «Оңай үтіктеу

» опциясын таңдаған

болсаңыз, жуу циклы аяқталғаннан кейін құрылғы барабанды баяу

айналдырады; циклды аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін

немесе «Оңай үтіктеу

» түймесін басыңыз. Егер «Жібек » жуу

циклын таңдаған болсаңыз, құрылғы кірлер суға салынып тұрған кезде

циклды аяқтайды; кірлерді алу мақсатында суды ағызу үшін БАСТАУ/

ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін немесе «Оңай үтіктеу

» түймесін басыңыз.

• Ағызу түтігі еденнен 65-100 см биіктікте орналастырылмаған («Орнату»

тарауын қараңыз).

• Түтіктің бос шеті су астында («Орнату» тарауын қараңыз).

• Егер ғимараттың жоғарғы қабаттарының бірінде тұратын болсаңыз, суды

ағызуға байланысты проблемалар болуы мүмкін, оның нәтижесінде кір жуғыш

машина сумен толып, оны ағызып тұра беруі мүмкін. Дүкендерде арнайы

ағызуға қарсы клапандар бар, олар бұл проблеманы шешуге көмектеседі.

• Қабырғадағы канализация жүйесі сапун құбырымен жабдықталмаған.
• Жуу циклында ағызу жоқ: Кейбір жуу циклдары ағызу кезеңінің қолмен

басталуын қажет етеді («Жуу циклдары мен опциялары» тарауын қараңыз).

• «Оңай үтіктеу» опциясы қосылған: жуу циклын аяқтау үшін БАСТАУ/

ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін басыңыз («Жуу циклдары мен опциялары»).

• Ағызу түтігі майысқан («Орнату» тарауын қараңыз).

• Ағызу түтігі бітелген.
• Орнату кезінде барабанның бұғаты дұрыс алынбаған («Орнату»

тарауын қараңыз).

• Құрылғы түзу емес («Орнату» тарауын қараңыз).

• Құрылғы шкафтар мен қабырғалар арасына қойылған («Орнату»

тарауын қараңыз).

• Жүк теңестірілмеген («Жуғыш заттар мен кірлер» тарауын қараңыз).
• Судың кіріс түтігі дұрыс бұралып мықталмаған («Орнату» тарауын қараңыз).

• Жуғыш зат диспенсері бітелген (оны тазалау үшін «Күтім көрсету және

техникалық қызмет көрсету»тарауын қараңыз).

• Ағызу түтігі орнына дұрыс бекітілмеген («Орнату» тарауын қараңыз).
• Құрылғыны өшіріп, оны токтан ағытыңыз, одан кейін шамамен 1 минут

күтіңіз де, оны қайтадан қосыңыз. Проблема шешілмесе, Техникалық

көмек көрсету қызметіне хабарласыңыз.

• Жуғыш зат кір жуғыш машинаға қолайлы емес (онда «кір жуғыш

машиналарға арналған», «қолмен жууға және кір жуғыш машинаға

арналған» немесе осыған ұқсас жазу болуы керек).

• Тым көп жуғыш зат қолданылған.
• Қолмен құлыпты ашу процедурасын орындаңыз («Сақтандырулар мен

кеңестер» тарауын қараңыз).

!

Ескертпе: «Демо режим» режимінен шығу үшін «ҚОСУ/ӨШІРУ» және «БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ» ТҮЙМЕЛЕРІН 3

секунд бойы бір уақытта басып ұстап тұрыңыз.

Advertising