Жуғыш заттар мен кірлер, Жүкті теңестіру жүйесі, Жуғыш зат – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7D 29 U

Страница 20: Кірлерді дайындау, Жуу бойынша ұсыныстар

Advertising
background image

KZ

20

Жібек: жібек киімдерді жуу үшін арнайы «Жібек»

жуу циклын қолданыңыз. Нәзік киімдерді жууға

арналған арнайы жуғыш заттарды пайдаланған абзал.

Перделер: «Жібек» жуу циклын қолданыңыз.

Оларды берілген дорбаға бүктеп салу керек.

Жүн: Woolmark компаниясы тарапынан атақты

«Woolmark Platinum Care» аттестаты (М.0508) берілген

жалғыз кір жуғыш машина бренді, яғни бұл кір жуғыш

машинада, тіпті жапсырмасында «тек қолмен жуу»

жазуы бар жүн киімдерін қоса, барлық жүн киімдерін

жууға болады. «Жүн» жуу циклын оңтайлы тиімділікке

сенімді болып, барлық жүн киімдерін кір жуғыш

машинада жуу үшін қолдануға болады.

Мамық көрпелер: Бір адамға арналған мамық көрпені

(оның салмағы 2 кг-нан аспауы тиіс), жастықтарды

немесе мамық курткалар сияқты қаз мамығы бар

киімдерді жуу үшін арнайы «Мамық көрпелер»

жуу циклын қолданыңыз. Мамық көрпелерді шеттерін

ішке қайырып (суретті қараңыз) және барабанды

3/4 көлеміне ғана толтырып барабан ішіне салыңыз.

Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сұйық жуғыш

қолданылып, жуғыш зат тартпасына құйылғаны абзал.

Сырылған көрпелер: сыртқы синтетикалық қабы

бар сырылған көрпелерді жуу үшін берілген дорбаны

пайдаланыңыз және жуу циклын «Мамық көрпелер»

циклына орнатыңыз.

Төсек орын бұйымдары мен орамалдар:

үйдегі барлық кірлерді жуу үшін «

Ақ жаймалар

»

циклын қолданыңыз; ол кондиционердің тиімділігін

оңтайландырып, уақыт пен қуатты үнемдеуге

көмектеседі. Ұнтақ жуғыш затты қолданған абзал.

Кетпей қоятын дақтар: кетпей қоятын дақтарды

жуудан бұрын сабынмен ысқылаған және алдын ала

жууы бар Мақта циклын қолданған жөн.

Жүкті теңестіру жүйесі

Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын

шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті

біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі

айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен

айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін

жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген

сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк тым

теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына тарату

үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін

жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас

салуды ұсынамыз.

Жуғыш заттар мен кірлер

Жуғыш зат

Қажетті жуғыш зат мөлшері мен түрі кірдің материалына

(мақта, жүн, жібек және т.б.), сондай-ақ, оның түсіне, жуу

температурасына, кірлену дәрежесіне және аймақтағы

су қаттылығына байланысты болады. Жуғыш затты

мұқият өлшеп салу ысыраптың алдын алып, қоршаған

ортаны қорғауға көмектеседі: биологиялық түрде

ыдырайтын болса да, табиғаттың тепе-теңдігіне әсер

етуі мүмкін заттарды қамтиды.

Төмендегіні ескерген жөн:

• ұнтақ жуғыш заттарды ақ мақта киімдер және

алдын ала жуу үшін қолданыңыз.

• сұйық жуғыш заттарды нәзік мақта киімдер және барлық

төмен температуралы жуу циклдары үшін қолданыңыз.

• жүн мен жібек киімдер үшін нәзік сұйық жуғыш

заттарды қолданыңыз.

Жуғыш затты жуу циклы басталмас бұрын тиісті

бөлікке - немесе барабанның ішіне орналастырылған

диспенсерге тікелей - құю керек. Екінші жағдайда, алдын

ала жууы бар Мақта циклын таңдау мүмкін болмайды.

!

Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды

қолданбаңыз, себебі олар тым көп көбік түзеді.

Кірлерді дайындау

• Киімдерді құрылғыға салмас бұрын сілкіп алыңыз.

• Түрлі түсті киімдерді ақ киімдерден бөлуге назар аудара

отырып, кірлерді материалдарына (жуу нұсқаулары

жапсырмасындағы таңба) және түріне көре бөліңіз.

• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз;

«Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі

мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің

құрғақ кездегі салмағы берілген.

Кірлердің салмағы қандай?

1 ақжайма

400-500 г

1 жастыққап

150-200 г

1 асжаулық

400-500 г

1 монша халаты 900-1200 г

1 орамал

150-250 г

1 джинсы

400-500 г

1 көйлек

150-200 г

Жуу бойынша ұсыныстар

Жейделер:Мүмкін болғанша жақсы күтім көрсету

үшін әртүрлі материалдардан жасалған және әртүрлі

түстегі көйлектерді жуу үшін арнайы «Жейделер»

жуу циклын қолданыңыз.

Джинсалар: барлық джинсы киімдер үшін арнайы

«Джинсалар» жуу циклын қолданыңыз; жуудан бұрын ішін

сыртқа қаратыңыз және сұйық жуғыш затты қолданыңыз.

Бала киімдері: сәбилердің нәзік терісі аллергиялық

реакция бермеуі үшін жаялықтардан барлық жуғыш

зат қалдықтарын шығара отырып, сәбилердің киімінде

әдетте болатын ластануды жою үшін арнайы «Бала

киімдері» циклын қолданыңыз. Цикл суды көбірек

мөлшерде қолдану және жуғыш затқа қосылған арнайы

зарарсыздандырғыш қоспалардың әсерін оңтайландыру

арқылы бактериялар мөлшерін азайту үшін жасалған.

Жуу циклының аяғында құрылғы барабанды баяу

айналдырады; циклды аяқтау үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА

ТҰРУ түймесін басыңыз.

Advertising