Орнату, Қаптамадан алу және түзулеу, Ток пен суды қосу – Инструкция по эксплуатации Ariston Aqualtis AQ7D 29 U

Страница 14

Advertising
background image

KZ

14

Орнату

!

Бұл нұсқаулықты кейін қарау үшін жоғалып

қалмайтындай бір жерге сақтап қою керек. Кір жуғыш

машина сатылса, тегін берілсе немесе жылжытылса,

нұсқаулық құрылғымен бірге болатынын қамтамасыз

етіңіз, солайша оның жаңа иесі нұсқаулықтың ішіндегі

кеңестерді пайдалана алады.

!

Осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз: оның

ішінде құрылғыны қауіпсіз орнату және қолдану

туралы маңызды ақпараттар қамтылған.

!

Осы нұсқаулықты қамтитын орамада кепілдік пен

орнатуға қажетті барлық мәліметтер де бар.

Қаптамадан алу және түзулеу

Қаптамадан алу

1. Кір жуғыш машинаның барлық қаптамасын

шешіп алғаннан кейін, тасымалдау кезінде ол

зақымдалмағанын тексеріңіз.

Ол зақымдалған болса, сатушыға хабарласыңыз және

орнату үдерісін тоқтатыңыз.

2. Құрылғының артқы

жағында орналасқан 4

қорғаныш бұрандасын

(тасымалдау кезінде

қолданылады) және тиісті

төсемді алып тастаңыз

(суретті қараңыз).

3. Тесіктерді қаптамада берілген пластикалық

тығындармен жабыңыз.

4. Барлық бөлшектерді сақтап қойыңыз; олар кір

жуғыш машинаны басқа жерге тасымалданатын

болса, құрылғының ішкі бөліктерін қорғау үшін керек

болады.

!

Қаптама материалдарын балалардың ойыншығы

ретінде қолдануға болмайды.

Түзулеу

1. Кір жуғыш машинаны қабырғаға немесе шкафқа

сүйемей, тегіс әрі қалыпты еденге қойыңыз.

2. Еден тегіс болмаса,

құрылғының алдыңғы

аяқтарын реттеп, оны

көлденең қалыпқа

жеткізуге болады (иілу

бұрышы 2 градустан

аспауы керек).

!

Құрылғы дұрыс түзуленсе, ол қалыпты болады және

жұмыс істеп тұрған кезде діріл мен шуыл шығару

мүмкіндігі аз болады, әсіресе сығу циклы барысында.

!

Құрылғы кілемге немесе кілемшеге қойылса,

аяқтарын оның астында вентиляция үшін жеткілікті

орын болатындай реттеу керек.

Ток пен суды қосу

Судың кіріс түтігін жалғау

!

Кіріс түтігін суға қосудан бұрын, су тап-таза

болғанша, оны ағызып алыңыз.

1. Кіріс түтігін құрылғының

артқы жағының жоғарғы

оң жағында орналасқан

суық су кірісіне бұрап

жалғаңыз (суретті

қараңыз).

2. Кіріс түтігін суық су

шүмегіне 3/4 газдық

бұранда қосылымын

пайдалана отырып бұрап

жалғаңыз (суретті

қараңыз).

3. Түтік бүктелмегеніне немесе майыстырылмағанына

көз жеткізіңіз.

!

Шүмектегі су қысымы Техникалық деректер

кестесінде көрсетілген мәндер аралығында болуы тиіс

(келесі бетті қараңыз).

!

Кіріс түтігінің ұзындығы жеткіліксіз болса,

мамандырылған дүкенге немесе куәландырылған

маманға хабарласыңыз.

!

Бұрын қолданылған немесе ескі кіріс түтіктерін

қолданбаңыз; құрылғымен бірге берілген өнімдерді

қолданыңыз.

Advertising