25 түсіруді тоқтатыңыз, Түсіру уақыты – Инструкция по эксплуатации Canon PowerShot SX150 IS

Страница 91

Advertising
background image

Бейне фильмдерді түсіру

25

Түсіруді тоқтатыңыз.

z

Бейнеге түсіру түймесін қайта басыңыз.

X

Камера дыбыстық сигнал беріп, бейне
фильм жазбасы аяқталады.

X

Жад картасы толғанда, жазба
автоматты түрде тоқтатылады.

Түсіру уақыты

Түсіру уақытының мəндері əдепкі бойынша орнатылған параметрлерге арналған.

Бейне клиптің ең көп ұзақтығы – шамамен 29 мин 59 с

Кейбір жад карталарымен жазба бейне клиптіңең көп ұзақтығына жетпей тоқтап
қалуы мүмкін. Жылдамдығы Speed Class 6 немесе одан жоғары SD жад
карталарын пайдалану ұсынылады.

Түсіру барысында масштабтау

Түсіру барысында масштабтау тетігін басса, нысан ұлғайтылады немесе
кішірейтіледі. Бірақ бұл кезде жасалған əрекеттердің дыбысы да жазылып кетеді.

Режимді ауыстыру дискісі

A күйінде тұрғанда, анықталған сюжет

белгішесі көрсетіледі ([Руководство пользователя камеры/
Камераның пайдаланушы нұсқаулығы]
қараңыз). Бірақ «Если
двигается/Жылжыса» белгішелері көрсетілмейді. Кейбір
жағдайларда көрсетілген белгіше нақты сюжетке сəйкес келмеуі
мүмкін.

Режимді орнату дискісі

A күйінде тұрмаса да, бейнеге түсіру

түймесін басып бейне фильмдер түсіре беруге болады
([Руководство пользователя камеры/Камераның пайдаланушы
нұсқаулығы]
қараңыз).

Режимді орнату дискісі

E күйінде тұрғанда, бейне фильмдерді

түсіру үшін қажетті барлық параметрлерді реттеуге болады
([Руководство пользователя камеры/Камераның пайдаланушы
нұсқаулығы]
қараңыз).

Жад картасы

4 Гбайт

16 Гбайт

Түсіру уақыты

Шамамен 20 мин 43 с

Шамамен 1 сағ 24 мин 54 с

Advertising