Сақтық шаралары, Абайлаңыз – Инструкция по эксплуатации Canon PowerShot SX150 IS

Страница 70

Advertising
background image

4

Камераны пайдалану алдында міндетті түрде төменде берілген қауіпсіздік техникасының

ережелерін оқып шығыңыз. Камераны дұрыс қолдану ережелері қатаң сақталу керек.

Келесі беттерде қарастырылатын сақтық шаралары Сізді жəне басқа адамдарды

жарақаттанудан, ал құрылғыңызды зақымданудан қорғайды.

Сонымен қатар, міндетті түрде қолданылатын барлық қосалқы құралдардың

жинаққа кіретін нұсқаулықтарын оқып шығыңыз.

Сақтық шаралары

Абайлаңыз!

Ауыр жарақат алу, тіпті өліп кету қаупі бар

екенін көрсетеді.

Жарқылдақты адамдардың көздеріне жақын қашықтықта пайдалануға болмайды.

Жарқылдақтан шығатын қарқындылығы жоғары жарық əсері көру қабілетінің

нашарлауына апаруы мүмкін. Əсіресе, балаларды түсіргенде, арақашықтық

1 метрден кем болмау керек.

Құрылғыны балалар мен жасөспірімдердің қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Бау: бала мойнына тағып алса, қылғынып қалуы мүмкін.

Тек ұсынылған қуат көзін пайдаланыңыз.

Құрылғыны бөлшектеуге, өзгертуге немесе қыздыруға болмайды.

Құрылғыны құлатып немесе соғып алмаңыз.

Құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымдалса, қауіпсіздік мақсатында

оның ішкі бөлшектерін ұстамаңыз.

Құрылғыдан түтін шығып тұрса, бөтен иіс шықса немесе дұрыс істемесе,

оны пайдаланбаңыз.

Өнімді спирт, бензин немесе бояу еріткіші сияқты органикалық

еріткіштермен тазалауға болмайды.

Құрылғыға су (мысалы, теңіз суы) немесе басқа сұйықтық тимеу керек.

Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетпесін.

Ток соғу немесе өрт шығу қаупі бар.

Камераның ішіне сұйықтық немесе бөтен заттар кіріп кетсе, оны дереу өшіріп, қуат

элементтерін шығарыңыз.

Тек ұсынылған аккумуляторларды/қуат элементтерін қолданыңыз.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін ашық оттың жанында қалдырмаңыз

жəне отқа тастамаңыз.

Жарылыс орын алуы немесе аккумуляторлардан/қуат элементтерінен электролит ағып, ток

соғуы немесе өрт шығуы мүмкін. Бұл өз кезегінде жарақат алу жəне қоршаған ортаның

зақымдануына себеп болуы мүмкін. Аккумуляторлардан/қуат элементтерінен ағып шыққаннан

электролит көзге, ауызға, теріге немесе киімге тисе, дереу сумен шайып тастаңыз.

Пайдалануға тыйым салынған жерлерде камераны өшіріп қойыңыз.

Камера шығаратын электромагниттік толқындар электрондық құралдар немесе

басқа құрылғылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Электрондық

құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған же рлерде, мысалы, ұшақтар мен

медициналық мекемелерде қажетті қауіпсіздік шалаларын сақтаңыз.

Жинақпен берілген ықшам дискіні (немесе дискілерді) деректер жазылған

ықшам дискілерді ойнату функциясын қолдамайтын ойнатқышта ойнатуға

əрекет жасамаңыз.

Бұл ықшам дискілерді музыка ықшам-дискілерінің ойнатқыштарында ойнатқанда,

құлақаспаптардан шығатын қатты дыбыстар есту қабілетін зақымдауы мүмкін.

Бұған қоса, ол динамиктердің зақымдануына себеп болуы мүмкін.

Advertising