Ескерту – Инструкция по эксплуатации Canon PowerShot SX150 IS

Страница 71

Advertising
background image

Сақтық шаралары

5

Ескерту

Жарақаттану қаупі бар екенін көрсетеді.

Камераны бауынан ұстау кезінде сақ болыңыз. Камераға соққы тиюін, қатты

механикалық күш салынуын немесе сілкінуін жəне бауына басқа заттардың

ілініп қалуын болдырмаңыз.

Камераны соғып алмаңыз жəне объективті қатты баспаңыз.

Жарақат алу немесе камераны бұзып алу қаупі бар.

Суретке түсіргенде, жарқылдақты саусақтармен немесе киіммен жауып қалмаңыз.

Күйік орын алуы немесе жарқылдақ зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны мына жерлерде қолдануға, қалдыруға жəне сақтауға болмайды:

- тікелей күн сəулесінің астында;
- температура 40 °C шамасынан асатын жерлерде;
- ылғалды немесе шаңды жерлерде.

Əйтпесе, аккумуляторлар/қуат элементтері қызып кетуі, атылуы немесе олардан

электролит ағуы жəне соның нəтижесінде ток соғуы, өрт шығуы, күйіктер пайда

болуы немесе басқа жарақат алынуы мүмкін.

Ұзақ қараса, кадрлардың слайд-шоу түрінде ауысу əсері дискомфорт

туғызуы мүмкін.

Ескерту

Құрылғыны зақымдау қаупі бар екенін білдіреді.

Камераны жарқын жарық көздеріне (мысалы, ашық күні күнге) қаратпаңыз.

Əйтпесе, кескін сенсоры зақымдалуы мүмкін.

Камераны жағажайда немесе желді жерлерде қолданғанда, оның ішіне шаң

немесе құм кіріп кетпеуін қадағалаңыз.

Құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

Əдеттегідей пайдаланылғанда, жарқылдақтан аздап түтін шығуы мүмкін.

Түтін жарқылдақтың жоғары қарқындылығымен оның линзасына түскен шаң жəне басқа

бөтен заттар жанғаннан болады. Жарқылдақ қызып кетпеуі немесе зақымдалмауы үшін,

оған түскен кір, шаң жəне басқа бөтен заттарды мақта таяқшасымен тазалап отырыңыз.

Камера қолданылмаған кезде, аккумуляторларын/қуат элементтерін

шығарып, бөлек қойыңыз.

Аккумуляторлар/қуат элементтері камераның ішінде қалса, электролит ағып,

камераны зақымдауы мүмкін.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін тастамас бұрын, клеммаларын

таспамен немесе басқа оқшаулау материалымен жауып қойыңыз.

Металдан жасалған басқа заттармен үйкессе, өрт шығуы немесе жарылыс орын

алуы мүмкін.

Бір уақытта əртүрлі аккумуляторларды зарядтауға немесе ескі қуат

элементтерін жаңаларымен бірге пайдалануға болмайды.

Аккумуляторларды/қуат элементтерін полярлықты (+ жəне – клеммаларын)

кері қаратып салмаңыз.

Құрылғының жұмысында ақау пайда болуы мүмкін.

Advertising