Орнатуға қатысты ескерту белгілері, Іске қолдануға қатысты қатаң ескерту белгілері – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1124ZAC

Страница 99

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат _7

Қорек сымын тартпаңыз, не қатты майыстырмаңыз.
Қорек сымын иіп немесе шиеленістірмеңіз.
Қорек сымын металл заттарға ілмектеп байламаңыз, ауыр затты қорек сымының үстіне
қоймаңыз, қорек сымын заттардың арасына қыстырмаңыз немесе қорек сымын құрылғының
артына тықпаңыз.
- Электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Ашаны розеткадан қорек сымынан тартып суырмаңыз.
- Ашаны розеткадан, ашаның өзінен ұстап суырыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Қорек сымы мен түтіктерді, адам құлап басып кетуі мүмкін жерге төсемеңіз.

ОРНАТУҒА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Бұл құрылғыны, оның ашасына қол жететін етіп орнату керек.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр тоғы таралып, электр қатері орын алуы не өрт шығуы

мүмкін.

Құрылғыны оның салмағын көтере алатын тегіс жəне қатты еденнің үстіне орнатыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, құрылғы дірілдеуі, жылжуы, одан шуыл шығуы жəне басқа да

ақаулықтар орын алуы мүмкін.

ІСКЕ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТУ БЕЛГІЛЕРІ

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр жəне сумен жабдықтау желілерінен
ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Қуат ашасын дымқыл қолмен Ұстамаңыз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынуыңыз мүмкін.

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса, ашаны дереу розеткадан
суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт шығуы мүмкін.

Газ шығып кеткен кезде (мысалы, пропан, сұйылтылған газ т.с.с.) құрылғы ашасына қол
тигізбей, бөлмені дереу желдетіңіз. Құрылғыға немесе оның қорек сымына қол тигізбеңіз.
- Желдеткішті қолданбаңыз.
- Жарқыл шығып, жарылыс немесе өртке ұласуы мүмкін.

Балаларға кір жуғышқа шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат бермеңіз. Сонымен қатар,
құрылғыны тастаған кезде, есігінің теңгерім құралын алыңыз.
- Бала құрылғының ішіне кіріп қамалып қалса, тұншығып өлуі мүмкін.

Кір жуғыш машинаны қолданар алдында, табанындағы орам материалдарын (жөке, көбікті
текше) алыңыз.

ЕСКЕРТУ

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec10:7

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec10:7

2012-05-25

1:41:42

2012-05-25

1:41:42

Advertising