Weee белгісіне қатысты нұсқаулар – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1124ZAC

Страница 97

Advertising
background image

қауіпсіздік туралы ақпарат _5

Құрылғыны қолданар алдында барлық нұсқауларды оқып шығыңыз.

Электр қуатын қолданатын жəне айналатын бөлшектері бар кез келген құрылғы тəрізді, бұл құрылғы
да қатерлі жағдайлар туғызуы мүмкін. Құрылғыны қауіпсіз іске қосу үшін, оны іске қолдану жəне күтім
көрсету жолдарын білуіңіз керек.

Балаларға (не үй жануарларына) кір жуғыш машинаның үстіне шығып не ішіне кіріп ойнауға рұқсат
бермеңіз. Кір жуғыш машинаның есігі ішкі жағынан оңай ашылмайды, сондықтан да балалар қатты
жарақат алуы немесе қамалып қалуы мүмкін.

Бұл құрылғы кембағал, сезім мүкістігі бар немесе ақыл-есі кем, құрылғыны қолдану тəжірибесі жоқ не
қолдана білмейтін адамдар (балаларды қоса алғанда) қолдануға арналмаған. Олар осы құрылғыны өз
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс.

Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Егер аша (қорек сымының) бүлініп қалса, қатерлі жағдай орын алмас үшін оны өндіруші немесе
өндірушінің уəкілетті агенті немесе білікті адам ауыстыруға тиіс.

Бұл құрылғыны розеткаға, су құятын шүмектер мен су төгетін құбырларға жақын жерге орнату керек.

Желдеткіш саңылаулары табанында орналасқан кір жуғыш машиналардың, табанындағы желдеткіш
саңылауларын, кілем не басқа заттар бөгеп тастамағанын тексеріңіз.

Жаңа түтіктер жинағын қолдану керек, ескі түтіктерді қайта қолдануға болмайды.

WEEE БЕЛГІСІНЕ ҚАТЫСТЫ НҰСҚАУЛАР

Осы құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау (Ескі электр жəне электроника

құрылғылары)

(Еуропалық одақ пен басқа қоқыс жинау жүйесін қолданатын басқа Еуропа елдері)

Өнімге, оның керек-жарақтарына немесе құжаттарына салынған бұл белгі, құрылғыны жəне оның
электроникалық керек-жарақтарын (мысалы, зарядтағышы, құлақаспабы, USB сымы) қолданыс
мерзімі аяқталғаннан кейін тұрмыстық қоқыспен бірге тастауға болмайды дегенді көрсетеді.
Қоқысты дұрыс тастамаған кезде қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына келуі ықтимал
зиянның алдын алу үшін, бұндай қоқыстарды басқа қоқыстардан бөліп, материал ресурстарын
түбегейлі түрде қайта қолдану үшін қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз.

Жеке пайдаланушылар осы өнімді сатып алған бөлшек сауда орталығына немесе жергілікті
əкімшілік мекемеге хабарласып, бұл заттарды қоршаған ортаға зиянсыз түрде қайта өңдеуден
өткізу үшін қайда, қалай апарып тапсыруға болатыны туралы ақпарат алуы керек.

Заңды тұлғалар өз жабдықтаушыларына хабарласып, сатып алу келісім-шартының шарттары
мен талаптарын қарауға тиіс. Аталмыш өнімнің жəне оның керек-жарақтарын басқа қоқысқа
тасталатын коммерциялық қалдықтарға араластырмау керек.

ЕСКЕРТУ

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec10:5

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec10:5

2012-05-25

1:41:41

2012-05-25

1:41:41

Advertising