Кір жуу, Эко бейнебеті (таңдаулы скб үлгілерде) – Инструкция по эксплуатации Samsung WF1124ZAC

Страница 116

Advertising
background image

24_ кір жуу

кір жуу

Eco Bubble
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАУ
ТҮЙМЕШІГІ

Əдетте Eco Bubble параметрі сөніп тұрады. Eco Bubble функциясын ажырату

үшін түймешікті бір рет басыңыз, сонда Көпіршік генераторы сөнеді (бейнебетте

көрсетіледі), функцияны қайта қосу үшін түймешікті қайта басыңыз.

Кейбір жуу циклдерінде Eco Bubble функциясы ON қалпында (бейнебетте

көрсетіледі, жəне генератор автоматты түрде іске қосылады) тұруға тиіс.

Басқа жуу циклдері үшін бұл функция қажет емес, жəне генератор автоматты

түрде OFF қалпына қойылады.

Көпшілік циклдерде бұл параметрді қолдан қоюға болады, бұл жуу нəтижесіне

қол жекізу үшін, бейнебетте көрсетіліп тұрған жуу цикліне əсер етеді (қосымша

ақпарат 27-ші бетте).

ЖЕҢІЛ ҮТІКТЕУ
ПАРАМЕТРІН ТАҢДАУ
ТҮЙМЕШІГІ

Кірді жеңіл үтіктелетін етіп дайындау үшін жəне айналдыру циклы кезінде қатты

мыжылып қалмас үшін осы түймешікті басыңыз.

Жеңіл үтіктеу функциясы тек келесі жуу бағдарламаларында ғана жұмыс

істейді: Мақта мата, Синтетика, Джинс, Төсек жабдығы, Баран киімдер,

Күнделікті жуу, Тамаша Эко жуу, Балаға арналған

Жеңіл үтіктеу функциясы таңдалған кезде айналдыру циклының жылдамдығын

800 мин/айн-ға дейін қоя аласыз. (Егер айналдыру циклының жылдамдығын

800мин/айн-нан жоғары мəнге қойып Easy Iron (Жеңіл үтіктеу) параметрін

таңдасаңыз, айналдыру жылдамдығы автоматты түрде 800мин/айн-ға

қойылады.)

ЖЫЛДАМ ЖУУ
ФУНКЦИЯСЫН ТАҢДАУ
ТҮЙМЕШІГІ

Шамалы кірлеген, 2кг-нан аз кірді тез жуу үшін қолдануға болады. Шамамен 15

минут орындалады, бірақ циклдің ұзақтығы судың қысымы, судың кермектігі,

құйылатын судың температурасы, бөлме температурасы, кірдің түрі мен салмағы,

кірдің деңгейі, қолданылған жуғыш заттар, теңгерімсіз салмақ, электр тоғының

ауытқуы жəне қосымша таңдалған параметрлерге байланысты əр түрлі болуы

мүмкін.

Цикл уақытын таңдау үшін осы түймешікті қайта-қайта басыңыз:

15мин  20мин  30мин  40мин  50мин  1сағ  Сөндіру

Ұнтақ/Сұйық жуғыш заттың мөлшері 20г-нан (2кг кір үшін) аз болуы керек,

əйтпесе жуғыш зат киімге жұғып қалады.

КЕШІКТІРІП АЯҚТАУ
ТҮЙМЕШІГІ

Бұл түймешікті циклді Кешіктіріп аяқтау параметрлерін (3 сағаттан бастап 19 дейін,

бір сағаттық қадаммен қойылады) қою үшін қайта-қайта басыңыз.

Көрсетілген уақыт жуу циклінің аяқталу уақытын білдіреді.

БАСТАУ/ҮЗІЛІС
ТҮЙМЕШІГІ

Циклді үзіліске қою жəне қайта бастау үшін басыңыз.

ТАҢДАУЛЫ ЦИКЛДІ
ТАҢДАУ ТҮЙМЕШІГІ

Таңдаулы циклді, сонымен қатар температура, айналдыру, кірдің деңгейі, параметр

т.с.с таңдауға арналған.

ҚУАТ ТҮЙМЕШІГІ

Кір жуғыш машинаны іске қосу үшін бір рет басыңыз, сөндіру үшін қайта басыңыз.

Кір жуғыш машинаның ешбір түймешігі 10 минуттан артық уақыт басылмай тұрса,

қуат автоматты түрде сөнеді.

Эко бейнебеті (таңдаулы СКБ үлгілерде)

Егер Цикл таңдау түймешігін қолданбасаңыз немесе кез келген түймешікті алдын ала белгіленген
уақыт бойы басып тұрсаңыз, бұл функция СКБ өңдік жарығының жарықтылығын азайтады.

Жұмыс істеу механизмі

Егер Бастау/Үзіліс түймешігін бассаңыз, Эко бейнебеті функциясы 1 минуттан кейін автоматты
түрде іске қосылады.
Егер Цикл таңдау түймешігін қолдансаңыз немесе кез келген түймешікті бассаңыз, Эко бейнебеті
функциясы біржола тоқтайды.
Эко бейнебеті функциясы, Цикл таңдау түймешігін қолданбасаңыз немесе түймешікті 1 минут
ішінде баспасаңыз автоматты түрде басталады.

Егер Бастау/Үзіліс түймешігі басылмаса, Эко бейнебет функциясы іске қосылмайды.

9

10

11

12

13

ЕСКЕРТУ

8

7

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec5:24

WF1124ZAC-03038S-03_KZ.indd Sec5:24

2012-05-25

1:41:46

2012-05-25

1:41:46

Advertising