Қазақ – Инструкция по эксплуатации Vitek VT-1681

Страница 42

Advertising
background image

42

ҚАЗАҚ

• Орнатылған тағамды əзірлеуді бастау уақытын білу үшін «Сағат/Орнату»

тетігін басыңыз, əзірлеуді бастау уақыты дисплейде төрт секунд бойы
көрсетіліп тұрады.

Пешті балалардың қосуынан құрсаулау функциясы
• Ағымдағы уақыт күйінде «Стоп/Болдырмау» тетігін 3 секунд бойы басып ұстап

тұрыңыз, осы кезде ұзақ дыбыстық белгісі ойнайды жəне дисплейде

пиктограммасы жанады.

• Құрсаулау функциясын ажырату үшін «Стоп/Болдырмау» тетігін 3 секунд бойы

басып тұрыңыз, осы кезде ұзақ дыбыстық белгі ойнайды жəне

пиктограммасы

сөнеді.

Жұмыс камерасының жарығын өздігінен сөнуі
• Егер пештің есігі ашық тұрып, ешқандай əрекеттер жасалмаса, онда жұмыс

камерасының ішіндегі жарық 10 минуттан кейін өздігінен сөніп қалады.

Ескертпе:
1. Қысқа толқынды, құрамдастырылған өнімді əзірлеу процесінің барысында, сондай-

ақ гриль күйінде сіз белгіленген қуатты «Қысқа толқындар/Гриль/Құрамд» -
тетігін баса отырып көре аласыз – белгіленген қуат дисплейде 2-3 секунд бойы
көрсетіледі
.

2. Өнімдерді əзірлеу процесінің барысында дисплейде ағымдағы уақытты 2-3 секунд

бйоы көрсету үшін «Сағат/Орнату» тетігін басыңыз.

3. Əзірлеу барысында сіз пештің есігін ашқан болсаңыз, онда оны жапқаннан кейін

əзірлеуді жалғастыру үшін «Старт/+30 сек/Растау» тетігін басу керек.

4. Əзірлеу процесі аяқталғаннан кейін сіз 5 дыбыстық сиганлды естисіз.
5. Егер сіз 1 минут ішінде əзірлеу бағдарламасын/баптауларын белгілегеннен

кейін «Старт/+30 сек/Растау» тетігін бассаңыз, онда баптаулар сақталынбай
бастапқы күйге қайту орын алады.

Тазалау жəне күтім
• Пешті тазалау алдында оны сөндіріңіз де желі кабелін розеткадан ажыратыңыз.
• Басқару панеліне ылғалдың тиюін болдырмаңыз. Оны жұмсақ, сəл ылғал сулықпен

тазалаңыз.

• Пештің жұмыс камерасын таза ұстаңыз. Егер пештің қабырғаларында өнімдердің

бөліктері немесе сұйықтықтың ағындылары қалып қойса, оларды ылғал сулықпен
кетіріңіз.

Жұмыс камерасы қатты ластанған кезде жұмсақ жуғыш затты пайдалануға

болады.

• Қажағыш жуғыш заттарды, сым щеткаларды пештің сырты мен ішін тазалау үшін

пайдаланбаңыз. Пештің қақпағында орналасқан ауа мен буды шығаруға арналған
саңылауға судың немесе жуғыш заттың тиіп кетпеуін қадағалаңыз.

• Аммиак негізіндегі жуғыш заттарды пайдалануға тыйым салынады.
• Сыртқы беттерді ылғал сулықпен тазалау керек.
• Пештің есігі үнемі таза болуы керек. Пештің есігі мен беткі панелінің арасына

тағамдардың түйіршіктерінің жиналып қалуына жол бермеңіз.

Пешті салқындату үшін ауа кіріп тұратын пештің корпусындағы желдету
саңылауларындағы шаң мен кірді үнемі тазалап тұрыңыз.

• Шыны төсеммен оның тіреуін үнемі шешіп алып тазалап отырыңыз; пештің жұмыс

камерасының түбін сүртіп отырыңыз.

42

1681.indd 42

1681.indd 42

09.04.2010 15:14:34

09.04.2010 15:14:34

Advertising