Қазақ техникалық қызмет көрсету, Блоктау клапанын тазалау 1, Қақпақтың тығыздағыш сақинасын тазалау 2 – Инструкция по эксплуатации Binatone MUC-2180

Страница 30: Болат шарды тазалау 3, Тоқтату клапанын тазалау 4, Тағам дайындауға арналған науаны тазалау 5

Advertising
background image

29

ҚАЗАҚ

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Тазалау алдында құралды желіден ажыратыңыз және құрал салқындағанша күтіңіз.

X

Құралды суға батырмаңыз және дайындауға арналған бөлікті ағынды сумен жумаңыз.

X

Қатты ысқышты және жылтыратқыш құралдарды қолданбаңыз, себебі, олар құралдың

X

бетіне зақым келтіруі мүмкін.
Құралды ашу үшін «Блок/Разблок» ауыстырып-қосқышын (13) «Разблок» жағдайына

X

қойыңыз, қақпақты бекіткіш-батырманы (9) басыңыз.
Қақпақтың ішкі жағынан бекіткіш бұранданы (5) бұрап алыңыз және клапандарымен

X

тақтаны шешіп алыңыз.

Блоктау клапанын тазалау

1.

Блоктау клапанын (6) әрбір қолданудан кейін тазалап тұру қажет.
Блоктау клапанының қорғаныш қақпағын (7) сағат тіліне қарсы бағытта бұраңыз және алыңыз. Қорғаныш

қақпақты, клапанды және тығыздағыш деталдарды жұмсақ щеткамен немесе ағаш тіс тазалағышпен және
жылы сумен ұқыпты тазалаңыз.

Назар аударыңыз: Блоктау клапанының тығыздағыш сақинасын жоғалтып алмаңыз.

Егер кенеттен шығып кетсе, оны мұқият қайтадан орнатыңыз.

Назар аударыңыз: Қорғаныш қақпақты (7) тазалау процесі аяқталғаннан кейін

орнатуды ұмытпаңыз.

Қақпақтың тығыздағыш сақинасын тазалау

2.

Назар аударыңыз: Қақпақтың тығыздағыш сақинасын (4) ішкі қақпақтан (10) алуға

болмайды.

Дайындап болғаннан кейін қақпақтың тығыздағыш сақинасын (4) ластанулардан және конденсаттан

тазартыңыз. Бұл үшін ыдыс жууға арналған жұмсақ тазартқыш құралдың біраз мөлшерін қолдануға болады.
Тығыздағыш сақинаны жұмсақ таза матамен құрғатып сүртіңіз.

Болат шарды тазалау

3.

Егер болат шар (15) қолданғаннан кейін ластанса, сағат тіліне қарсы бағытта құрал қақпағының ішкі

X

бетіне “ашық c” символына қорғаныштағы (16) “c” символын қойып, шар қорғанышын (16) бұрыңыз,
қорғанышты (16) алыңыз.
Болат шарды (15) мұқият тазалаңыз: оны шығарып алыңыз, шар бетін, шарды бекіту орнын ластанулардан

X

тазартыңыз. Шарды қайта орнына қойыңыз.
Ішкі қақпақтағы “ашық

X

c” символына қорғаныштағы “c” белгісін қойып, болат шарды (16) орантыңыз.

Қорғанышты құрал қақпағының ішкі бетіндегі “жабық c” жағдайына дейін сағат тілімен бұраңыз. Енді
болат шар (15) бекітілді.

Тоқтату клапанын тазалау

4.

Егер тоқтату клапаны (12) қолданғаннан кейін бітеліп қалса, оны жуу және тазалау қажет. Клапанды

X

бөлшектеу алдында алдымен клапандағы резеңке сақинаны алыңыз. Содан кейін клапанды алыңыз.
Резеңке сақинаны жылы сумен шайыңыз.

X

Клапанды суды және ыдыс жууға арналған жұмсақ жуғыш құралды қолданып тазалаңыз.

X

Клапан ұяшықтарын бітеліп қалуды болдырмас үшін мұқият тазалаңыз.

X

Клапанды және резеңке сақинаны кері ретпен орнатыңыз.

X

Тағам дайындауға арналған науаны тазалау

5.

Тағам дайындауға арналған науаны (11) ыдыс жууға арналған жұмсақ жуғыш құралды қолданып

жууыңыз.

Advertising