Қысым астында дайындау процесі, Температураны ұстау режимі – Инструкция по эксплуатации Binatone MUC-2180

Страница 29

Advertising
background image

28

Осы уақыт аяқталған кезде тағамды дайындау процесі аяқталады. Бұл уақытты арттыру қажет болған жағдайда
(максималды интервал – 24 сағат) «+/-» батырмаларын қолданыңыз.

Ескерту: егер бұл функцияны қолдану қажеттілігі болмаса, «ПРОГРАММЫ»

батырмасын баспаңыз.

Дайындау уақытын қою

3.

«Время/Давление» батырмасын бір рет басыңыз. «+/-» батырмаларын басып, қажетті уақытты қойыңыз.

Уақытты өзгерту процесін тездету үшін басылған батырманы жібермеңіз (өзгерту диапазонын бағдарламалар
кестесінен қараңыз).

Кеңес: Сіз дайындау уақытын әдеткі күй бойынша қолдана аласыз.

Қысым деңгейін орнату.

4.

«Время/Давление» батырмасын екі рет басыңыз - Сіз қысым деңгейін орнату режиміне кіресіз. «+/-»

батырмаларын басып, Сіз ағымдағы нұсқамаларды өзгертесіз – қысым деңгейінің «сатылары» дисплейде.
Барлығы 5 мүмкін деңгей.

Кеңес: Сіз қысым деңгейін әдеткі күй бойынша қолдана аласыз.

Бағдарламаны іске қосу үшін «Старт/Cброс» батырмасын басыңыз.

5.

Назар аударыңыз: Егер Сізге қысым астында дайындау кезінде қақпақты (2) ашу

қажет болса, құралды күту режиміне ауыстыру үшін алдымен «Подогрев/Отмена»
батырмасын басыңыз. Содан кейін қысымды тастау үшін «Старт/Сброс»
батырмасын басу керек.

Кеңес: Дайындау уақыты ұзақ болған сайын, қысымның жоғарғы деңгейін таңдау

қажет. Мысалға, жүрек және қарын сияқты ішек-қарын өнімдері қысымның
максималды деңгейін талап етеді.

Қысым астында дайындау процесі

Қысымның берілген деңгейіне жеткен кезде құрал таңдалған орнатуларды автоматты ұстау режиміне

ауысады. Сандық экранда қысым астында дайындаудың орнатылған уақытың кері санауы басталады.

Дайындау уақыты аяқталғаннан кейін құрал автоматты түрде буын шығарады. Экранда «F» символы пайда

болады. Бу шығару процесі аяқталғаннан кейін бірнеше дыбыстық сигнал шығады, экранда «b» символы пайда
болады – құрал автоматты түрде температураны ұстау режиміне ауысады.

Температураны ұстау режимі

Құрал күту режиміне ауысқан кезде («Жұмысқа дайындау» бөлімін қараңыз) «Подогрев/Отмена» батыр-

масын басыңыз. Экранда «b» символы пайда болады – құрал автоматты түрде температураны ұстау режиміне
ауысады.

Назар аударыңыз: Егер дайындау режимін таңдау процесінде немесе дайындау

процесі кезінде «Подогрев/Отмена»батырмасын таңдаса, барлық орнатулар
болдырылмайды және құрал күту режиміне оралады.

Температураны автоматты түрде ұстау режимінің максималды мүмкін болатын уақыты 24 сағатты құрайды.

Осыдан кейін құрал автоматты түрде күту режиміне оралады.

Назар аударыңыз: Температураны ұстау режимі қысым деңгейін, дайындау немесе

қысым астында жұмыс уақытын орнату және түзету үшін қолданыла алмайды.

Advertising