Қазақ, Тағамдарды салу – Инструкция по эксплуатации Binatone MUC-2180

Страница 28

Advertising
background image

27

ҚАЗАҚ

Тағамдарды салу

Таза ингредиенттерді науаға (11) салыңыз және судың және дәмдеуіштердің қажетті мөлшерін қосыңыз.

Судың және тағамдардың жалпы көлемі науаның толық сыйымдылығының 2/3 бөлігінен аспауы қажет
(науадағы таңбалауды қараңыз).

Дайындау процесі кезінде көлемі артатын тағамдар үшін жалпы көлем науаның ½ көлемінен көп

болмауы тиіс.

Науаның (11) сыртқы беті құрғақ болуы тиіс. Науаны сүртіңіз және оны дайындауға арналған бөлікке

салыңыз.

Ескерту: «Пароварка» бағдарламасында тағамды дайындау үшін науаға (11)

алдымен буда дайындауға арналған пластинаны (19), содан кейін оған қажетті
тағамдарды салу қажет.

Құралдың қақпағын жабыңыз.

X

Қақпақтағы ауыстырып-қосқышты (13) «Блок» жағдайына бұрыңыз. Дыбысты сигнал естіледі. Ауыстырып-

X

қосқыштағы (13) көрсеткіш құлпы суретінің қасында болуы қажет.

Назар аударыңыз: Әрбір дайындау алдында келесі тармақтарды мұқият тексеріп

отырыңыз:

– Блоктау клапанының қорғаныш қақпағын (7) алыңыз және барлық ластанулардан

тазартыңыз. Клапан таза болуы тиіс.

– Тоқтату клапанының (12) және тығыздағыш сақинаның (4) тазалығын тексеріңіз.

Қажет болған жағдайда оларды тазалаңыз («Техникалық қызмет көрсету»
бөлімін қараңыз).

I. ТАҒАМДАРДЫ АВТОМАТТЫ РЕЖИМДЕ ДАЙЫНДАУ

(Өндірушімен ұсынылған)

Кестеден тиісті бағдарламаны таңдаңыз.

1.

«Меню» батырмасын басыңыз, «+/-» батырмаларын басып, бағдарламаны таңдаңыз.
Бағдарламаны іске қосу үшін «Старт/Cброс» батырмасын басыңыз.

2.

Ескерту: Автоматты режимде дайындау уақытын және қысымды оңтайлы күйге

келтірулер қолданылады. Тағамды тікелей дайындау тез дайындағыштың
іші қажетті қысымға жеткен кезде басталды (дисплейде қысымның өсуінің
индикациясы пайда болады). Бірнеше минуттан кейін ағымдағы уақыт
индикациясы дайындау уақытының индикациясымен алмасады, кері санау
басталады. Дайындау уақыты аяқталғаннан кейін құрал автоматты түрде буын
шығарады. Экранда «F» символы пайда болады. Бу шығару процесі аяқталғаннан
кейін бірнеше дыбыстық сигнал шығады, экранда «b» символы пайда болады –
құрал автоматты түрде температураны ұстау режиміне ауысады.

Назар аударыңыз: Бағдарлама жұмыс жасаған кезде «Меню» батырмасы блокталған.

II. БАҒДАРЛАМАЛАУ ФУНКЦИЯСЫН ҚОЛДАНЫП

ТАҒАМДАРДЫ ДАЙЫНДАУ (тәжірибелі қолданушылар үшін)

Кестеден тиісті бағдарламаны таңдаңыз.

1.

«Меню» батырмасын басыңыз, «+/-» батырмаларын басып, бағдарламаны таңдаңыз.
Бағдарламаның кейінге шегерілген уақытын орнату

2.

Осы функция көрсетілген уақытқа немесе тағамдарды алдын ала жібіту уақытын арттыру қажеттілігі

кезінде қолданылады. «ПРОГРАММЫ» батырмасын басыңыз, дисплейде «02:00» уақытының мәні шығады.

Advertising