Жуғыш заттар мен кірлер, Жуғыш зат тартпасы, Кірлерді дайындау – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston VMSG 702

Страница 20: Арнайы жуу циклдары, Жүкті теңестіру жүйесі

Advertising
background image

20

KZ

Жуғыш заттар мен кірлер

Жуғыш зат тартпасы

Ойдағыдай жуу нәтижесіне қол жеткізу жуғыш заттың

дұрыс мөлшеріне де байланысты болады: тым көп

жуғыш зат қосылса, жуу міндетті түрде тиімдірек

болмайды және шынында құрылғы ішінде қалдықтардың

түзілуіне және қоршаған ортаны ластауға әкелуі мүмкін.

!

Қолмен жууға арналған жуғыш заттарды қолданбаңыз;;

олар тым көп көбік түзеді.

Жуғыш зат тартпасын

а ш ы п , ж у ғ ы ш з ат т ы

немесе жуғыш қосындыны

төмендегідей салыңыз.

1-бөлік: Алдын-ала жууға

арналған жуғыш зат

(ұнтақ)

Жуғыш затты салмас

бұрын, қосымша 4-бөлік

алынғанына көз жеткізіңіз.

2-бөлік: Жуғыш зат (ұнтақ немесе сұйық)

Сұйық жуғыш зат пайдаланылса, дұрыс мөлшерлеу үшін

ауыстырмалы пластикалық

А өлшеу бөлігін қолданған

жөн. Ұнтақ жуғыш зат пайдаланылса, бөлікті

B ұясына

қойыңыз.

3-бөлік: Қосындылар (кондиционерлер және т.б.)

Кондиционер белгіден асып кетпеуі керек.

Қосымша 4-бөлік: Ағартқыш

Кірлерді дайындау

• Кірлерді мына жағдайларға байланысты бөліңіз:

- мата түрі/жапсырмадағы таңба

- түстер: түрлі-түсті киімдерді ақ киімдерден бөліңіз.

• Қалталарды босатып, түймелерді тексеріңіз.

«Жуу циклдарының кестесі» атты кестедегі

мәндерден асырып жібермеңіз, онда кірлердің құрғақ

кездегі салмағы берілген.

Кірлердің салмағы қандай?

1 ақжайма 400-500 г

1 жастыққап 150-200 г

1 асжаулық 400-500 г

1 монша халаты 900-1200 г

1 орамал 150-250 г

Арнайы жуу циклдары

Даққа қарсы: Бұл бағдарлама төзімді түстері бар

қатты ластанған киімдер үшін қолайлы. Ол стандартты

сыныптан жоғары жуу сыныбын қамтамасыз етеді

(А деңгейі). Бағдарламаны іске қосқан кезде түстері

әртүрлі киімдерді араластырмаңыз. Ұнтақ жуғыш затты

қолданған абзал. Кетпей қоятын дақтар бар болса

арнайы қосымша заттармен алдын ала өңдеген жөн.

Ақ киімдер: бұл циклды ақ киімдерді жуу үшін 2

қолданыңыз. Бағдарлама ақ киімдердің ашықтығын

сақтау үшін арналған. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу

үшін ұнтақ жуғыш затты пайдаланыңыз.

Антиаллергиялық: Тозаң, кенелер немесе мысық

пен ит жүні сияқты негізгі аллергендерді жою үшін

7

бағдарламасын қолданыңыз.

Сәби циклы: Бұл жуу циклын сәбилердің нәзік терісі

аллергиялық реакция бермеуі үшін жаялықтардан

барлық жуғыш зат қалдықтары шығарылатынын

қамтамасыз ете отырып, сәбилердің киімінде әдетте

болатын ластануды жою үшін қолданылады. Цикл

8

суды көбірек мөлшерде қолдану және жуғыш затқа

қосылған арнайы зарарсыздандырғыш қоспалардың

әсерін оңтайландыру арқылы бактериялар мөлшерін

азайту үшін жасалған.

Жүн - Woolmark Apparel Care - Green:

Осы құрылғының «Жүн» жуу циклы киім

жапсырмасындағы нұсқауларды және осы кір

жуғыш машина өндірушісінің нұсқауларын орындау

шартымен, The Woolmark Company тарапынан

«қолмен жуу» деп белгіленген жүн киімдерін жууға

расталған. (M1253)

Нәзік киімдер: Асыл тас немесе жарқылдақтар

тігілген өте нәзік киімдерді жуу үшін

10 бағдарламасын

қолданыңыз.

Жібек киімдерді және перделерді жуу үшін циклды

таңдап, “

Деликатная” (Нәзік) тәртібіндегі 10 қосымша

қызметін іске қосыңыз

.

Жуудан бұрын киімдердің ішін сыртқа қарату және

кіші заттарды арнайы нәзік киімдерді жууға арналған

сөмкеге салу жөн. Ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін

сұйық жуғыш затты пайдаланыңыз.

Эко циклдар

Эко циклдар суды жылытуды қажет етпей қуат үнемдеуді

қамтамасыз етеді, ал бұл ток шоттарыңызға және

қоршаған ортаға пайдалы болады. Бұл инновациялық

Эко бағдарламаларын (Мақта 12, Синтетика 13,

Аралас 30' 14) әртүрлі маталар мен киімдердің әртүрлі

мөлшеріне қолдануға болады; олар тіпті төмен

температурада жақсы тазалауға кепілдік беруге

арналған және оларды аздан орташа деңгейге

дейін кірленген заттарға пайдалануға болады. Эко

циклдар қарқынды жуу әрекеттерінің, суды үнемдеудің

арқасында ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді және

стандартты циклдың орташа уақытында орындалады.

Эко циклдармен ең жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін

сұйық жуғыш затты қолданған абзал.

Жүкті теңестіру жүйесі

Әрбір сығу циклынан бұрын, әрбір сығудан бұрын

шамадан тыс дірілдеудің алдын алу және жүкті

біркелкі түрде тарату үшін, барабан жуу кезіндегі

айналу жылдамдығын сәл көбірек жылдамдықпен

айналып тұрады. Егер бірнеше әрекеттен кейін

жүк дұрыс теңестірілмесе, құрылғы төмендетілген

сығу жылдамдығында айналдырады. Егер жүк тым

теңестірілмеген болса, құрылғы сығу орнына тарату

үдерісін орындайды. Жүктің таралуы мен теңестірілуін

жақсарту үшін кіші және үлкен киімдерді аралас салуды

ұсынамыз.

MAX

1

2

4

3

A

B

Advertising