Жуу циклын іске қосу – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston VMSG 702

Страница 18

Advertising
background image

18

KZ

Жуу циклын іске қосу

1.

ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОСЫҢЫЗ. түймесін басыңыз;

БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл

түспен баяу жыпылықтайды.

2.

КІРЛЕРДІ САЛЫҢЫЗ. Есікті ашыңыз. Келесі

беттегі бағдарламалар мен жуу циклдарының

кестесінде көрсетілген ең көп жүк мәнінен асып

кетпеуге назар аударып, кірлерді салыңыз.

3.

ЖУҒЫШ ЗАТТЫ ӨЛШЕҢІЗ. Жуғыш зат тартпасын

ашып, «Жуғыш заттар мен кірлер» тарауында

айтылғанмен сәйкес жуғыш затты тиісті бөлікке

салыңыз.

4.

ЕСІКТІ ЖАБЫҢЫЗ.

5.

ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАҢЫЗ. Қажетті жуу циклын

таңдау үшін ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ тұтқасын

қолданыңыз. Әрбір жуу циклы үшін температура мен

сығу жылдамдығы орнатылған; бұл мәндерді реттеуге

болады. Дисплейде циклдың мерзімі көрсетіледі.

6.

ЖУУ ЦИКЛЫН ӨЗГЕРТІҢІЗ. Тиісті түймелерді

қолданыңыз:

Температура және/немесе сығу жылдамдығын

өзгерту. Таңдалған циклдың ең жоғарғы

температурасы мен сығу жылдамдығының мәндерін

немесе, таңдалған циклмен үйлесімді болса, ең

соңғы рет қолданылған параметрлерді құрылғы

автоматты түрде көрсетеді. түймесін басу арқылы

температураны суық сумен жуу циклының «OFF»

параметріне жеткенше төмендетуге болады.

түймесін басу арқылы сығу жылдамдығын толығымен

өшірілгенше, біртіндеп төмендетуге болады («OFF»

параметрі). Бұл түймелер тағыда басылса, ең

жоғарғы мәндер қалпына келеді.

!

Қиыс жағдай

4 бағдарламасы таңдалса,

температураны 90°C-қа дейін көтеруге болады.
Кешіктіріп бастауды орнату.

Таңдалған цикл үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін,

қажетті кешіктіру мерзіміне дейін жеткенше тиісті

түймені қайта-қайта басыңыз. Бұл опция қосылғанда,

дисплейде таңбасы жанады. Кешіктіріп бастау

функциясын алып тастау үшін дисплейде «OFF»

мәтіні көрсетілгенше түймені басыңыз.
Жуу циклының қажетті қарқындығын орнату.

түймесі маталардың ластану дәрежесі мен

жуу циклының қажетті қарқындығына қарай

жууды оңтайландыруға мүмкіндік береді. Жуу

бағдарламасын таңдаңыз: цикл автоматты түрде

«

Регулярная» (Қалыпты) тәртібіне қойылады,

себебі ол ластану дәрежесі орташа киімдерге

оңтайландырылған (бұл параметр «Жүн» циклы

үшін қолданылмайды, ол автоматты түрде

Деликатная” (Нәзік) тәртібіне қойылады).

Қатты ластанған киімдер үшін

түймесін

Интенсивная” (Қарқынды) тәртібі шыққанша

басыңыз. Циклдың бастапқы кезеңінде судың көп

мөлшері қолданылатындықтан және барабан тез

айналатындықтан бұл дәреже өнімділігі жоғары

жууды қамтамасыз етеді. Ол қиын кетірілетін

дақтарды тазарту үшін қолайлы.

Оны ағартқышпен немесе ағартқышсыз

пайдалануға болады.

Ағартқышты қолданғыңыз келсе,

1-бөлікке

қосымша құрылғымен бірге берілетін

4-бөлікті

салыңыз. Ағартқышты құйған кезде ортаңғы өзекте

белгіленген «

max» деңгейінен асып кетпеуге назар

аударыңыз (20-беттегі кестені қараңыз).

Аз ластанған киімдер үшін немесе маталарды нәзік

түрде өңдеу қажет болса,

түймесін

Деликатная”

(Нәзік) дәрежесіне жеткенше басыңыз. Нәзік киімдер

үшін керемет нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ету

үшін циклда барабан баяу айналады.
Цикл параметрлерін өзгерту.

• Опцияны қосу үшін түймені басыңыз; түймеге

сәйкес келетін индикатор шамы жанады.

• Опцияны өшіру үшін түймені тағы бір рет

басыңыз; индикатор шамы сөнеді.

!

Таңдалған опция орнатылған жуу циклымен

үйлесімді болмаса, индикатор шамы

жыпылықтайды және опция қосылмайды.

!

Таңдалған опция оған дейін таңдалған опциямен

үйлесімді болмаса, таңдалған бірінші функцияға

тиісті индикатор шамы жыпылықтайды және тек

екінші опция қосылады; қосылған функцияға сәйкес

келетін индикатор шамы жанады.

!

Опциялар ұсынылатын жүк мәніне және/немесе

циклдың мерзіміне әсер етуі мүмкін.

7.

ЖУУ ЦИКЛЫН БАСТАҢЫЗ. БАСТАУ/ТОҚТАТА

ТҰРУ түймесін басыңыз. Тиісті индикатор шамы

жасыл түспен қалыпты түрде жанып тұрады және

есік құлыпталады (ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ

таңбасы

жанады). Орындалып жатқан жуу циклын өзгерту

үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесінің көмегімен

кір жуғыш машинаны тоқтатып қойыңыз

(БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы

сарғылт түспен баяу жыпылықтайды); одан кейін

қажетті циклды таңдап, БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ

түймесін тағы бір рет басыңыз. Цикл орындалып

жатқан кезде есікті ашу үшін БАСТАУ/ТОҚТАТА

ТҰРУ түймесін басыңыз; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ

таңбасы өшсе, есікті ашуға болады. Жуу циклын

тоқтатылған жерінен қайта бастау үшін БАСТАУ/

ТОҚТАТА ТҰРУ түймесін тағы бір рет басыңыз.

8.

ЖУУ ЦИКЛЫНЫҢ СОҢЫ. Мұны дисплейдегі

«

END» мәтіні білдіреді; ЕСІК ҚҰЛЫПТАУЛЫ

таңбасы өшкенде есікті ашуға болады. Есікті ашып,

кірлерді алыңыз да, құрылғыны өшіріңіз.

!

Басталып қойған циклды доғару қажет болса,

түймесін басып ұстап тұрыңыз. Цикл тоқтатылады

және құрылғы өшеді.

Advertising