Кір жуғыш машина сипаттамасы, Басқару тақтасы – Инструкция по эксплуатации Hotpoint Ariston VMSG 702

Страница 16

Advertising
background image

16

KZ

Кір жуғыш машина сипаттамасы

Басқару тақтасы

ТЕМПЕРАТУРА

түймесі

ЖУУ

ЦИКЛЫН

ТАҢДАУ

ТҰТҚАСЫ

Жуғыш зат тартпасы

ҚОСУ/ӨШІРУ

түймесі

СЫҒУ

түймесі

БАСТАУ/ТОҚТАТА

ТҰРУ

түймесі және

индикатор шамы

ДИСПЛЕЙ

КЕШІКТІРІП

БАСТАУ

түймесі

Опция

түймелері

және индикатор

шамдары

түймесі

ЖУУ ТӘРТІБІ

БАСҚАРУ

ТАҚТАСЫН

ҚҰЛЫПТАУ

түймесі

Жуғыш зат тартпасы: жуғыш заттар мен жуғыш

қосындыларды енгізу үшін пайдаланылады ( «Жуғыш

заттар мен кірлер» тарауын қараңыз»).

ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі: оны құрылғыны қосу

немесе өшіру үшін аз уақыт басыңыз. БАСТАУ/

ТОҚТАТА ТҰРУ индикатор шамы жасыл түспен баяу

жыпылықтап тұрса, демек құрылғы қосылған. Жуу

циклы барысында кір жуғыш машинаны өшіру үшін,

түймені шамамен 3 секунд басып ұстап тұрыңыз; егер

түйме аз уақыт немесе кездейсоқ басылса, құрылғы

өшпейді. Құрылғы жуу циклы барысында өшірілсе,

бұл жуу циклы доғарылады.

ЖУУ ЦИКЛЫН ТАҢДАУ ТҰТҚАСЫ: қажетті

жуу циклын орнату үшін пайдаланылады

Бағдарламалар мен жуу циклдарының кестесін»

қараңыз).

ОПЦИЯ түймелері және индикатор шамдары: бар

опцияларды таңдау үшін басыңыз. Таңдалған опцияға

сәйкес келетін индикатор шамы жанып тұрады.

ЖУУ ТӘРТІБІ

түймесі

: жуу циклының қажетті

қарқындығын таңдау үшін басыңыз.

ТЕМПЕРАТУРА түймесі: температураны азайту

немесе толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні

дисплейде көрсетіледі.

СЫҒУ түймесі: сығу циклын азайту немесе

толығымен алып тастау үшін басыңыз; мәні

дисплейде көрсетіледі.

КЕШІКТІРІП БАСТАУ түймесі: таңдалған жуу

циклы үшін кешіктіріп бастауды орнату үшін басыңыз;

кешіктіру уақыты дисплейде көрсетіледі.

БАСТАУ/ТОҚТАТА ТҰРУ түймесі және индикатор

шамы: жасыл индикатор шамы баяу жыпылықтап

тұрғанда, жуу циклын бастау үшін түймені басыңыз.

Цикл басталғаннан кейін индикатор шамы бір

қалыпта жанып тұрады. Жуу циклын тоқтата тұру

үшін, түймені тағы бір рет басыңыз; индикатор шамы

сарғылт түспен жыпылықтайды.

таңбасы жанып

тұрмаса, демек есікті ашуға болады. Жуу циклын

тоқтатылған жерінен бастау үшін түймені тағы бір рет

басыңыз.

БАСҚАРУ ТАҚТАСЫН ҚҰЛЫПТАУ түймесі: басқару

тақтасының құлпын қосу үшін түймені шамамен 2

секунд басып ұстап тұрыңыз.

таңбасы жанғанда,

басқару тақтасы құлыпталады. Яғни, жуу циклдарын

кездейсоқ түрде өзгертуден қорғауға болады, әсіресе,

үйде балалар болса . Басқару тақтасының құлпын

өшіру үшін түймені шамамен 2 секунд басып ұстап

тұрыңыз.

Күту режимі

Осы кір жуғыш машина, жаңа қуатты үнемдеу

ережелеріне сәйкес, ешбір әрекет байқалмаса,

шамамен 30 минуттан кейін қосылатын автоматты

күту жүйесімен жабдықталған. ҚОСУ-ӨШІРУ түймесін

аз уақыт басып, құрылғының іске қосылуын күтіңіз.

Advertising