Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ ХТ 1001

Страница 12

Advertising
background image

12

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

1

сурет

шам плафоны

камераны жарықтандыру ажыратқышы

винт

винт

бояулар және т.б.) тікелей жақын орнатпаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш жұмысы кезінде ком-

прессор қызады және оған тиіп кету кезінде күю себебі бо-

луы мүмкін.

Электр және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналарға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

– тоңазытқышты тоқтың асқын кернеуінен қорғайтын құралы

бұзылған электр желісіне жалғау;

– тоңазытқышты электр желісіне жалғау үшін өтпеліктерді,

көп ұялы розеткаларды (екі немесе одан да көп қосу ұясы бар)

және ұзартқыш сымдарды пайдалану;

– дымқыл қолдармен розеткаға қоректендіру сымының аша-

сын салуға және суыруға;

– тоңазытқышты электр желісінен қоректендіру сымынан

ұстап ажыратуға;

– тоңазытқышта ауызы дұрыс жабылмаған бөтелкелердегі

алкогольдік сусындарды (құрамындағы спірті 40 % және одан

асатын болса) сақтауға болмайды;

– тоңазытқыш ішінде жарылуы мүмкін не жарылғыш заттарды,

сондай-ақ тез тұтанатын пропелленттері бар аэрозоль баллон-

дарын сақтауға болмайды;

– қосымшасына сәйкес, компрессордың үстінде тұратын

еріген суды жинайтын ыдысы болмаған жағдайда тоңазытқышты

іске пайдалануға;

– тоңазытқыштың ішіне жарық беретін күш қуаты 8 Вт артық

шамды, жарнамалық блокке жарық беретін күш қуаты 18 Вт артық

шамды орнатуға;

– электр өткізгіш элементтерге ылғал тиуіне жол бермеу

үшін тоңазытқыштың үстіне басқа электр аспаптарын (мысалы,

микротолқынды пеш, тостер және т.б.), сондай-ақ сұйық заттар

құйылған сауыттарды, бөлме өсімдіктерін қою;

– тоңазытқышты су ағынымен жуыңыз.

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! Тоңазытқыш қондыру шектесу-

де металл қабыршақтармен, су кұбыры құбырларымен,

жағудың, канализацияның және газбен жабдықтаудың, басқа

метал жерге қонған коммуникациялармен.

2.7 Тоңазытқышты жөндеуді тек сервистік қызметтің білікті

механигі іске асыруға тиіс, себебі біліктілігі жоқ адам іске асырған

жөндеуден кейін бұйым қатер көзіне айналуы мүмкін.

2.8 Тоңазытқыштың жұмысында электрлік шыртыл, түтіндеу

және т.с.с. жайттар пайда болған ақаулық орын алған жағдайда, қуат

сымын розеткадан суыру арқылы тоңазытқышты электр желісінен

дереу ажыратып, сервистік қызметтің механигін шақыру керек.

Өрт шыққан жағдайда, тоңазытқышты электр желісінен де-

реу ажыратып, өртті сөндіру шараларын қабылдап, өрт сөндіруші

қызметті шақыру қажет.

2.9 Тоңазытқыштың қызмет мерзімі – 12 жыл.

БАЙҚАҢЫЗ! Тоңазытқыштың қызмет мерзімі өткеннен

кейін өндіруші бұйымның қауіпсіз жұмысы бойынша

жауапкершілік көтермейді. Одан әрі іске пайдалану қауіпті

болуы мүмкін, себебі тоңазытқыштың материалдарының

табиғи ескіруінің және құрамдас бөліктерінің тозуының сал-

дарынан электрлік және өрт қаупі бар жағдайлардың пайда

болу ықтималдығы артады.

3 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы О Р Н А Т У

3.1 Тоңазытқышты қыздыру аспаптарынан (газ және электр

пештері, жылыту пештері мен радиаторлары) кем дегенде 50 см

қашықтықта орнату қажет.

3.2 Тоңазытқыштан жоғары және оның екі бүйір жағынан ауа

айналуы үшін кем дегенде 5 см, артқы жағынан бөлменің жары-

на дейін 10 см бос орын қалуға тиіс.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш корпусында не

кіріктірілетін құрылымда орналасқан желдету тесіктерін бітеп

тастамаңыз.

Тоңазытқышты жиһазға кіргізуге және оның, артқы тіреулер

(егер болса) арқылы пайда болатын, артқы жағымен бөлменің

жарының арасындағы саңылауды жабуға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Тоңазытқышты, егер оның үстінде және екі жағында 5 см кем

емес бос кеңістік болмаса қуысқа орнатуға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

3.3 Реттелмелі тіреуіштерді әрі-бері бұрай отырып,

тоңазытқышты еденге қатысты көлденең орнату керек.

Тоңазытқыш орнықты тұруға тиіс.

4 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы І С К Е П А Й Д А Л А Н У Ғ А
Д А Й Ы Н Д А У
4.1
Құралас бөліктерін орам материалдарынан босатыңыз.

Табандығымен есіктің сол жағында орналасқан бітегіш төсемді

(егер болса) түсіріңіз.

4.2 Шкафтың ішін, құралас бұйымдарды ас содасы қосылған

сабын судың жылы ерітіндісімен, содан кейін таза сумен жуып,

жұмсақ шүберекпен әбден құрғатып сүрту керек. Шкафты

жақсылап желдетіңіз.

Тоңазытқышты жуған кезде түрпілі пасталарды және

құрамында қышқылдар, еріткіштер бар жуғыш заттарды, сондай-

ақ ыдыс жууға арналған құралдарды пайдалануға

ТЫЙЫМ СА-

ЛЫНАДЫ.

Есіктің шынысын қажет болғанына қарай соған арналған

тазартқыш затпен тазалап, жұмсақ шүберекпен құрғатып

сүрту керек.

БАЙҚАҢЫЗ! Тоңазытқышты тазалаған кезде оның

кұлпының элементтеріне су тигізбеңіз.

БАЙҚАҢЫЗ! Камераның ішінде орналасқан, тоңазытқыш

туралы толық ақпарат жазылған тақтайшаны алып

тастамаңыз. Аталған ақпарат тоңазытқыштың бүкіл қызмет

мерзімінде оған техникалық қызмет көрсету мен жөндеу

үшін аса маңызды.

4.3 Құралас бөліктерді тоңазытқышқа орнату керек.

4.4 Тоңазытқышты тасымалдаудан соң электр желісіне қосу

алдында жарты сағаттан кем емес ұстаған жөн.

Тоңазытқышты қоршаған орта температурасы 0

0

С-ден

төмен кезде тасымалдаудан кейін ашылған есіктерімен

(ашылған есігімен) бөлме температурасында 4 сағаттан кем

емес ұстаған жөн.

4.5 Шкафтың есігін оң жағынан ашылатын етіп қайта ілуге

болады (ХТ-1006-ХХХ басқа ҚБ кұлпымен). Есіктерді қайта ілу

жұмысын тек сервистік қызметтің механигі орындауға тиіс (тегін –

кепілдік кезеңде бір рет).

4.6 Шкафты электр желісіне жалғау: қуат сымының ашасын

розеткаға сұғыңыз.

5 Т О Ң А З Ы Т Қ Ы Ш Т Ы І С К Е П А Й Д А Л А Н У

5.1 ТОҢАЗЫТҚЫШ КАМЕРАСЫ МЕН ЖАРНАМАЛЫҚ

БЛОКТЫҢ ЖАРЫҚТАМАСЫ

5.1.1 Камераны жарықтандыру үшін ТL 8W/840 маркалы

люминесцентті шамы бар (қуаты 8 Вт) шырақ пайдаланылады.

Жарықтаманы жағу мен сөндіру 1-суретке сәйкес ажыратпа-

қосқышының көмегімен іске асырылады.

5.1.2 ХТ-1007-ХХХ, ХТ-1008-ХХХ камераны жарықтандыру

үшін жарықдиодты шырақ қолданылады.

Тоңазытқышты жарықдиодтты шырақ плафонысыз,

зақымданған плафонмен пайдалануға, сондай-ақ өз бетінше

шамды алмастыруға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Шырақ бұзылған жағдайда сервистік орталығының механигін

шақырған жөн.

5.1.3 ХТ-1006-ХХХ, ХТ-1007-ХХХ, ХТ-1008-ХХХ басқа

тоңазытқыш камерасы жарығын қосып-айыру 1- суретке сәйкес

шамдалдағы камера жарығының ажыратқышымен жүзеге асады

(ажыратқыш шамдалдың басқа жағында орналасуы мүмкін).

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: