Саудалық тоңазытқыштар – Инструкция по эксплуатации АТЛАНТ ХТ 1001

Страница 11

Advertising
background image

11

KAZ

Информация для предварительного ознакомления. Официальной информацией изготовителя не является

Өндіруші : ”АТЛАНТ” ЖАҚ

Победителей даңғылы, 61, 220035, Минск қаласы, Беларусь Республикасы;

тел./факс: (8-10-375-17) 203-71-72, 203-23-77;

www.atlant.by

САУДАЛЫҚ ТОҢАЗЫТҚЫШТАР

Құрметті сатып алушы!

Іске пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығып, сіз тоңазытқышты дұрыс пайдалана алатын боласыз. Іске

пайдалану нұсқаулығын тоңазытқыштың бүкіл қызмет мерзімі бойында сақтап қойыңыз.

Тоңазытқышты сатып алған кезде кепілдеме картасының дұрыс толтырылғанын, оны сатқан мекеменің мөртаңбасының

және түбіртек талондарда оның сатылған күнінің бар екенін тексеріңіз.

Тоңазытқыш Украина Министрлер Кабинетінің 3 желтоқсан 2008 жылы шыққан № 1057 қаулысымен бекітілген Электр

және электрондық жабдықтарда кейбір қауыпты заттарды пайдалануға шектеу салу жөніндегі Техникалық регаментінің та-

лаптарына сәйкес келеді. Регламентталынған қауыпты заттар мөлшері Техникалық регламентпен реттелген нормативтен

аспайды.

”АТЛАНТ” ЖАҚ бұйымдарын әзірлеу мен шығару сапасын басқару жүйесі СТБ ISО 9001-2009 талаптарына сәйкес келеді және

БР Сәйкестікті растаудың ұлттық жүйесінің Тізілімінде № BY/112 05.01. 002 00014 бойынша тіркелген.

1 Ж А Л П Ы М Ə Л І М Е Т Т Е Р

1.1 Іске пайдалану нұсқаулығында қосымшасы бар, онда

тоңазытқыштың техникалық мінездемесі және жыинтықтар,

тоңазытқышты басқару және оның іске пайдалану ерекшелігі

жөнінде маліметтер келтірілген. Іске пайдалану нұсқаулығы

тоңазытқыштардың әртүрлі модельдеріне жасалынған.

Тоңазытқыш моделінде соңғы (шартты «-ХХХ») кепілдеме

картасында және камераның ішінің сол жақ жарындағы кестедегі

орындау нөмірін көрсетеді. Тоңазытқыштың орындалуы оның

сыртқы дизайнымен, сыртқы бетінің кабымен, басқару блок бар

болуымен немесе бұрамалы дөнгелекті тіреулерімен, құлыппен

ерекшеленеді.

1.2 Тоңазытқыш сауда және қоғамдық тамақтану

мекемелерінде іске пайдалануға тиіс.

1.3 Тоңазытқышты төмендегі жағдайларда пайдалану қажет:

– қосымшасында көрсетілгендей, қоршаған ортаның темпе-

ратурасында;

– салыстырмалы ылғалдылық 75 % аспағанда;

– ауыспалы тоқтың электр желісіндегі атаулы кернеудің

ауқымы 220-230 В, атаулы кернеуден ауытқу минус 15 % плюс

10 % дейін және жиілік (50±1) Гц болғанда. Электрлік желісінің

көпмартелік әсер ететін қысқа мерзімге тұйықталу токтарынан

автоматты қорғау жүйесі болу қажет (токтың ең жоғары қуаты

10 А көп емес).

Басқадай іске пайдалану жағдайында, соның ішінде

қоршаған ортаның температурасы плюс 50

0

С дейін болғанда,

тоңазытқыштың жылуэнергетикалық мінездемелері қосымшасы

кестеде көрсетілгенге сәйкес келмеуі мүмкін.

1.4 Жеткізу жыитықтығына: қосышасына сәйкес, іске пайда-

лану нұсқаулығы, кепілдеме картасы, сервистік ұйымдарының

тізімдері кіреді.

1.5 Өндіруші, тоңазытқыштың басты техникалық

мінездемелерін сақтай тұра, оның үйлесімін жетілдіруі мүмкін.

БАЙҚАҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) іске пайдалану та-

лаптарын бұзғанының немесе оны сақтау немесе қарсы

тұруға болмайтын күштердің ісінен (өрт, стихиялық апаттар

және т.б.) кемшіліктермен бұйымның ақаулығы үшін жауап

бермейді (соның ішінде кепілдік мерзім кезінде).

2 Қ А У Ы П С І З Д І К ТА Л А П ТА Р Ы

2.1 Тоңазытқыш – электрикалық аспап, сондықтан оны

іске пайдаланған кезде электроқауыпсіздік ережелерін

сақтанған жөн.

2.2 Аспап қауіпсіздігіне жауапты адамның бақылауында бол-

маса немесе аспапты қолдану туралы нұсқау алмаса, дене мүшесі

мен сезімінде ақау бар не ақыл-ой қабілеті төмен адамдардың

(балаларды қосқанда) немесе олардың өмірлік тәжірибесі не

білімі болмаған жағдайда қолдануына арналмаған.

Балалар құрылғымен ойнамауы үшін оларды үнемі қадағалап

отыру керек.

2.3 Электр тоғы соғуынан қорғау түрі бойынша тоңазытқыш I

сыныпқа жатады, сондықтан оны электр желісіне жерге тартыла-

тын түйіспесі бар екі полюсті розетка арқылы қосу қажет.

Үй-жай ішінде жерге тартылатын түйіспесі бар розетканы

орнату үшін білікті электрші маманға хабарласу керек. Розетка

тоңазытқышты сыртқы электр желісінен жедел ажыратуға бола-

тын жерде орнатылуға тиіс.

Жерге қосуды газ, жылыту, су құбыры немесе кәріз жүйесінің

жеке сымымен салуға

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші (сатушы) денсаулыққа

және мүлікке келтірілген залал үшін жауапты болмайды,

егер ол қосуға көрсетілген талаптарды сақтамау салдары-

нан болса.

2.4 Тоңазытқышты электр желісіне жалғар алдында қуат сымы

мен ашасының көзге байқалатын бүлінген жерлері жоқ екенін тек-

серу қажет. Қорек сымы бүлінген жағдайда оны ауыстыру үшін

өндірушіге немесе сервистік қызмет орталығына хабарласу қажет.

2.5 Төмендегі жағдайларда қорек сымын розеткадан суыру

арқылы тоңазытқышты электр желісінен ажырату қажет:

– оны басқа жерге ауыстырған кезде;

– оның астындағы еденді жуғанда;

– камера немесе жарнамалық блоктегі шамын ауыстырғанда

(егер болса).

2.6 Кейбір үлгілердегі тоңазытқыштардың мұздату

жүйесінде хладагент изобутан (R600а) бар (қосымшадан

қараңыз).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш жүйесі

контурының бұзылуына жол бермеңіз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Еріту процесін же-

делдету үшін механикалық құрылғыларды

немесе басқа да құралдарды қолданбаңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқыш ішінде электр аспап-

тарын қолданбаңыз.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Тоңазытқыш жүйесінің контуры

бұзылса, орынжайдың ішін мұқият желдету қажет және

тоңазытқыштың маңында ашық от көздерінің пайда болуына

жол бермеу керек, себебі изобутан тез тұтанатын газ болып

табылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тоңазытқышты оңай тұтанушы

және от таратушы заттар мен нәрселерге (перделер, лактар,

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: