Қауіпсіздік нұсқаулары – Инструкция по эксплуатации AEG MC2664E-M

Страница 24

Advertising
background image

• Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым

келуі мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне

теріс әсер етуі және қауіпті жағдайларға әкелуі

мүмкін.

• Шыны есікті тазалау үшін қатты жеміргіш заттарды

немесе өткір темір құралдарды пайдаланбаңыз,

себебі сызат түсіп, шыны шытынап кетуі мүмкін.

• Егер қуат cымына зақым келген болса, қатерден

сақтану үшін оны өндіруші немесе уәкілетті техник

немесе сол сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.

2. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

2.1 Орнату

Назарыңызда болсын!

Бұл құрылғыны тек білікті

маман ғана орнатуға тиіс.

• Орам материалдарының барлығын

алыңыз.

• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз

немесе пайдаланбаңыз.

• Құрылғымен бірге берілген орнату

бойынша нұсқауларды орындаңыз.

• Пешті ас бөлменің ішіндегі кез

келген жерге орналастыруға

болады. Пешті жазық әрі тегіс бетке

орналастырыңыз және пештің

астыңғы бетінің желдеткіш

саңылауларының (жеткілікті түрде

желдетілуі үшін) бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

Электртоғына қосу

Назарыңызда болсын!

Өрт шығу және электр қатеріне

ұшырау қаупі бар.

• Электртоғына қосу жұмыстарын

білікті электрші ғана іске асыруға

тиіс.

• Құрылғыны міндетті түрде жерге

тұйықтау қажет.

• Техникалық ақпарат

тақтайшасындағы электр

параметрлерінің электр желісіндегі

параметрлерге сай келетініне көз

жеткізіңіз. Сай келмесе, электршіге

хабарласыңыз.

• Егер құрылғы розеткаға ұзартқыш

сыммен жалғанса, сымның жерге

тұйықталуын қамтамасыз етіңіз.

• Құрылғының ашасына және сымына

зақым келтірмеңіз. Зақым келген

электр сымын ауыстырту үшін

қызмет көрсету орталығына немесе

электршіге хабарласыңыз.

• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін

сымынан тартпаңыз. Әрқашан

ашасынан тартып суырыңыз.

2.2 Қолданылуы

Назарыңызда болсын!

Жарақат алу, күйіп қалу немесе

электр тоғының қатеріне

ұшырау немесе жарылыс шығу

қаупі бар.

• Бұл тұрмыста қолдануға арналған

құрылғы.

• Бұл құрылғының техникалық

сипаттамасын өзгертпеңіз.

• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп

қалмағанына көз жеткізіңіз.

• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны

назардан тыс қалдырмаңыз.

24 www.aeg.com

Advertising