Инструкция по эксплуатации AEG MC2664E-M

Страница 23

Advertising
background image

• Пластик немесе қағаз сауыттарда тағам

қыздырған кезде, құрылғыны назардан тыс

қалдырмаңыз, тұтанып кетуі мүмкін.

• Бұл тағамдарды және сусындарды қыздыруға ғана

арналған құрылғы. Тағам немесе киім кептіру және

қыздырғышты, жөкелерді, дымқыл шүберекті және

сол сияқты затты қыздыру, жарақат алу, тұтану

немесе өрт пайда болуға әкелуі мүмкін.

• Егер түтін шыққаны байқалса, жалынды тоқтату

үшін құрылғыны сөндіріп немесе розеткасын

ағытып, есігін жабық ұстаңыз.

• Сусындарды микротолқынмен қыздырған кезде

кенет тасып төгілуі мүмкін. Сауытты абайлап ұстау

керек.

• Баланы тамақтандыратын шөлмектердің және

баланың тағамы салынған қалбырлардың

ішіндегісін берер алдында араластыру немесе

шайқау керек және күйіп қалмас үшін

температурасын тексеру керек.

• Қабығы аршылмаған жұмыртқаларды немесе

бітеулей пісірілген жұмыртқаларды құрылғыда

қыздырмау керек, себебі олар микротолқынмен

пісіріп болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.

• Құрылғыны уақытылы тазалап, тағамның

қалдықтарын алып отыру керек.

• Құрылғыны таза ұстамасаңыз, оның бетіне зақым

келуі мүмкін және құрылғының қолданыс мерзіміне

теріс әсер етуі және қауіпті жағдайларға әкелуі

мүмкін.

• Пеш жұмыс істеп тұрған кезде оның беткі

қабаттарының температурасы өте жоғары болуы

мүмкін.

• Жиһаз ішінде арнайы сынақтан өткізілмеген

микротолқынды пешті жиһаз ішіне орналастыруға

болмайды.

ҚАЗАҚ

23

Advertising