Ақаулықтарын – Инструкция по эксплуатации Samsung RSH7ZNSL

Страница 70

Advertising
background image

22_

Ақаулықтарын жою

АҚАУЛЫҚТАРЫН

ЖОЮ

МƏСЕЛЕ

ШЕШІМІ

Тоңызатқыш толық
істемейді немесе
ол жеткілікті
салқындатпайды.

• Электр шнурының дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
• Дисплей тақтасындағы температура басқару жүйесі дұрыс температураға

қойылған ба? Оны төмен температураға қойып көріңіз.

Тоңазытқышқа күн сəулесі тікелей түсіп тұр ма немесе жылу көзіне тым
жақын орналасқан ба?

• Тоңазытқыштың арты қабырғаға тым жақын ба жəне ауа жақсы айнала ма?

Тоңазытқыштағы
тағам қатып қалған.

• Дисплей тақтасындағы температура басқару жүйесі дұрыс температураға

қойылған ба? Оны жылылау температураға қойып көріңіз.

• Бөлме температурасы өте төмен бе?

Тоңазытқыштың ең суық бөлігінде су құрамы жоғары тағам сақталған
ба? Сол заттарды CoolSelect Zone™ тартпасында сақтағаннан гөрі
тоңазытқыштың өзіне қойып көріңіз.

Сізге басқаша шуылдар
немесе дыбыстар
естіледі.

• Тоңазытқыштың тегіс əрі орнықты тұрғанын тексеріңіз.
• Тоңазытқыштың арты қабырғаға тым жақын ба жəне ауа жақсы айнала ма?
• Тоңазытқыштың артынан немесе астынан бірдеңе түсіп кетті ме?

Тоңазытқыштың ішінен тықылдаған дыбыс шығады. Бұл қалыпты
жағдай, себебі əр түрлі аксессуарлардың көлемі тоңазытқыштың ішкі
температурасына байланысты кішірейеді немесе үлкейеді.

Құрылғының алдыңғы
бұрыштары ыстық
жəне конденсация орын
алады.

• Антиконденсаторлар конденсацияға жол бермеу үшін тоңазытқыштың

алдыңғы бұрыштарында болғандықтан, біраз бөлінген жылу қалыпты
жағдай болып табылады.

Тоңазытқыш есігі ашық па? Есігін ұзақ уақытқа ашық қалдырғанда,
конденсация орын алуы мүмкін.

Мұз түспейді

• Мұз жасамас бұрын сумен қамтамасыз ету желісін орнатқаннан кейін 12

сағат күттіңіз бе?

• Су желісі жалғанған ба жəне өшіру клапаны ашық па?

Мұз жасау функциясын қолмен тоқтаттыңыз ба? Мұз түріне текше немесе
майдаланған түрі қойылғанына көз жеткізіңіз.

Мұз жасағыш шелегінде мұз жолда кедергі болып тұр ма?

Мұздатқыш температурасы тым жылы ма? Мұздатқыш температурасын
төменірек етіп қойып көріңіз.

Тоңазытқыштан су
көпіршігінің дыбысы
естіледі.

• Қалыпты жағдай. Көпіршік тоңазытқышты айналып жүретін

салқындатқыш сұйықтықтан шығады.

Тоңазытқыштан
жағымсыз иіс шығады.

• Тағам бүлінді ме?
• Иісі күшті тағамның (мысалы, балық) ауа крмейтіндей оралғанына көз жеткізіңіз.

Мұздатқышты уақытылы тазалап тұрыңыз жəне бүлінген немесе күдікті
тағамды тастаңыз.

Мұздатқыштың
қабырғаларында мұз
түзіледі.

• Желдету тесігі бітеліп қалған ба? Ауа еркін айналуы үшін кедергілерді алып тастаңыз.

Ауа еркін айналуы үшін сақталған тағамдардың арасынан жеткілікті орын қалдырыңыз.

• Мұздатқыш есігі дұрыс жабылған ба?

Су диспенсері істеп
тұрған жоқ.

Су желісі жалғанған ба жəне өшіру клапаны ашық па?

• Сумен қамтамасыз ету желісінің түтігі зақымдалған немесе майысқан ба?
Түтікте ешқандай кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Тоңазытқыш температурасы тым төмен болғандықтан, су ыдысы қатып
қалған ба?

Негізгі дисплей тақтасынан жылылау температураны таңдап көріңіз.

DA99-02291K(0.4).indb 섹션3:22

DA99-02291K(0.4).indb 섹션3:22

2011.10.17 11:36:57 AM

2011.10.17 11:36:57 AM

Advertising