Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DR-W

Страница 84

Advertising
background image

12

ҚАЗАҚША

МИКРОТОЛҚЫН ҚУАТЫНЫҢ ҚАТЕРІНЕ ҰШЫРАМАС ҮШІН

ОРЫНДАЛУҒА ТИІС САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ

Төмендегі сақтық шаралары орындалмаса, микротолқын қуатының

қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
(a) Ешқашан есігі ашық тұрған пешті іске қосам деп әрекет жасауға

немесе қауіпсіздік тетігін (есіктің бекітпесі) бұзуға немесе

қауіпсіздік тетігінің саңылауларына бөгде зат сұғуға болмайды.

(b) Пештің есігі мен алдыңғы жағының арасына ештеңе

қыстырмаңыз немесе тығыздағыштарға тағам немесе тазалағыш

заттың қалдықтары жиналуына жол бермеңіз. Есік пен есік

тығыздағышының беттерін, пеш жұмыс жасап болғаннан

кейін дымқыл шүберекпен сүртіп, содан кейін жұмсақ, құрғақ

шүберекпен тазалаңыз.

(c) Пеш бұзылып қалса, оны өндіруші тарапынан микротолқынды

пешті жөндеу бойынша дайындықтан өткізілген техник

жөндемейінше іске қоспаңыз. Пеш есігінің дұрыс жабылуы мен

төмендегілерге еш нұқсан келмеудің ерекше маңызы бар:

(1) Есік (майысқан)

(2) Есіктің топсалары (сынық немесе босап қалған)

(3) есіктің тығыздағышы және тығыздағыш беттер

(d) Бұл пешті өндіруші тарапынан микротолқынды пешті жөндеу

бойынша дайындықтан тиісті түрде өткізілген техниктен басқа

адам жөндеуге тиіс емес.

Бұл 2-ші топтағы, B санатына жататын ISM құрылғы. 2-ші

топқа радио-жиіліктегі қуатты электромагнитті сәуле ретінде,

материалдарды өңдеу үшін арнайы шығаратын ISM құрылғыларының

барлығы, сондай-ақ EDM және доғамен дәнекерлейтін құрылғылар

да жатады. B санатына тұрмыста қолдануға арналған немесе

төмен кернеулі желіге тіке жалғанған тұрғын үй комплекстерінде

қолданылатын құрылғылар жатады.

миКрОТОлҚынды ПеШТі ОрнАТу

Пешті тегіс, жазық, еденнен 85 см биік жерге қойыңыз. Пеш

қойылатын бет, пештің салмағын еш қауіпсіз көтере алатындай

мықты болуға тиіс.
1. Пешті орнатқан кезде, пештің артқы жағы мен

екі жақ жанынан кем дегенде 10 см (4 дюйм),

пештің үстінен 20 см (8 дюйм) ашық орын

қалдырыңыз.

2. Пештің ішіндегі орам материалдарының

барлығын алыңыз.

Айналмалы шығырық пен бұрылмалы табақты

орнатыңыз.

Бұрылмалы табақтың еркін айнала

алатындығына көз жеткізіңіз.

3. Микротолқынды пешті оның ашасына қол жететіндей етіп орнату

керек.

Қорек сымы бүлініп қалса, оның орнына өндіруші немесе оның

агентінен алуға болатын арнайы сым немесе құрастырылған

жинақты орнатуға болады.

Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін сымды 3-тармақты,

230 Вольт, 50 Гц, АТ розеткасына жалғаңыз. Құрылғының қорек

сымына зақым келсе, орнына арнайы сым ғана салынуға тиіс.
Микротолқынды пешті кәдімгі пеш немесе радиатордың қасы

тәрізді ыстық немесе ылғалды жерге қоймаңыз. Пешті қуат көзіне

қосуға байланысты параметрлерін орындау керек, ұзартқыш сым

қолданылса, ол да пеш сымының стандартына сай келу керек.

Микротолқынды пешті ең алғаш іске қоспас бұрын, пештің іші мен

тығыздағышын дымқыл шүберекпен тазалаңыз.

артқы

жағынан

10 см

жоғарыдан

20 см

жанынан

10 см

еденнен

85 см биік

GE83DTR-Y_BWT-03761C_KZ.indd 12

2010-08-10 8:43:02

Advertising