Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DR-W

Страница 81

Advertising
background image

9

ҚАЗАҚША

Тұтанғыш бүріккіштерді немесе заттарды пештің қасына

қоймаңыз.
- Өрт шығу немесе жарылыс орын алу қаупі бар.

Пісіру камерасындағы тағам жанып жатса, пештің есігін ашпаңыз.

- Есікті ашсаңыз, сырттан келген оттегі ағысы өрт шығаруы

мүмкін.

Саусақтарыңызды, басқа заттарды немесе білікше не ине тәрізді

темір заттарды, ішкі, сыртқы тесіктерге және саңылауларға

сұқпаңыз. Бұл аталған саңылау, тесіктердің қайбіріне бөгде

зат сұғылса, ашаны розеткадан суырыңыз да, осы құрылғыны

сатушыға немесе жақындағы қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе

жарақаттанып қалуы мүмкін.

Сауыттарды ЕШҚАШАН шегіне дейін толтырмаңыз, сұйық тасып

төгілмес үшін аузы түбінен қарағанда кең сауытты таңдаңыз.

Мойыны тар шөлмектер де, қатты қызса жарылып кетуі мүмкін.
Баланың шөлмегін ЕШҚАШАН еміздігін алмай қыздырмаңыз,

себебі қатты қызған шөлмек жарылып кетуі мүмкін.
Пештің қыздырғыш элементтеріне немесе ішкі қабырғасына

ешқашан пеш суығанша ҚОЛ ТИГІЗБЕҢІЗ.
Қорек сымы немесе ашасын суға батырмаңыз, қорек сымын

заттың қызып тұрған беттерінен алыс ұстаңыз.
Қорек сымы немесе ашасы бүлінген құрылғыны ешқашан іске

қоспаңыз.
Бос тұрған микротолқынды пешті ешқашан іске қоспаңыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін электр қуаты автоматты түрде

тоқтатылады. Шамамен 30 минуттай қоя тұрғаннан кейін іске қоса

беруіңізге болады. Пештің ішінде әрқашан бір стакан су тұрғаны

дұрыс. Пеш байқаусызда қосылып кетсе, су микротолқын қуатын

сіңіреді.
есКерТу : Егер есік немесе есік тығыздағыштарына нұқсан

келсе, микротолқынды пешті уәкілетті техник маман жөндегенше

іске қосуға болмайды.

есКерТу : Сұйық тағамдар мен басқа да тағамды тұмшаланып

жабылған сауыттарда қыздыруға болмайды, себебі олар

жарылуы мүмкін.

Егер құрылғы судың астында қалса, дереу электр желісінен

ағытыңыз да, жақындағы қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт

шығуы мүмкін.

Егер құрылғыдан тосын шуыл, көңірсіген немесе түтін иісі шықса,

ашаны дереу розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт

шығуы мүмкін.

Құрылғыны өзіңіз жөндеуге, бөлшектеуге немесе өзгертуге

әрекеттенбеңіз.
- Құрылғының корпусына жоғары кернеу кіретіндіктен, электр

қатеріне түсу немесе өрт шығу қаупі бар.

- Электромагнитті толқындар әсеріне ұшырауыңыз мүмкін.

- Құрылғыны жөндеу қажет болса, жақын қызмет көрсету

орталығына хабарласыңыз.

есКерТу : Микротолқын қуатынан қорғайтын қақпақты

алуды қажет ететін жөндеу немесе техникалық күтім көрсету

жұмыстарын, білікті маманнан басқа адамдар жүзеге асырса, бұл

олар үшін қатерлі.

Құрылғыға бөгде зат, мысалы су кіріп кеткен жағдайда, ашаны

розеткадан суырыңыз да, жақын қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.
- Бұлай істемеген жағдайда, электр қатері орын алуы немесе өрт

шығуы мүмкін.

Егер түтін шыққаны байқалса, құрылғыны сөндіріңіз немесе оны

электр желісінен ағытыңыз да, жалын шыққаны байқалса оны

басу үшін есікті ашпаңыз.

GE83DTR-Y_BWT-03761C_KZ.indd 9

2010-08-10 8:43:02

Advertising