Инструкция по эксплуатации Samsung GE83DR-W

Страница 82

Advertising
background image

10

ҚАЗАҚША

Іске қосуға қатысты ескерту белгілері

Тек микротолқынды пеште қолдануға болатын ыдыс-аяқтарды

ғана қолданыңыз; металл сауыттардың ешқайсысын, жиектері

алтын немесе күміспен жалатылған ас ыдыстарын, істік,

шанышқыларды т.с.с. ешқашан ҚОЛДАНБАҢЫЗ. Қағаз немесе

пластик қалталардың сымтемірден жасалған бауларын алыңыз.

себебі : Электр жарқылы немесе контуры пайда болып, пешті

бүлдіруі мүмкін.
Тағамды пластик немесе қағаз сауыттарға салып қыздырған

кезде, пештен көз алмаңыз, бұндай заттар тұтанып кетуі мүмкін.
Аз тағамды қыздыру немесе пісіру үшін аз уақыт қажет.

Аз тағамды қалыпты уақытпен пісірсе, қатты қызып, күйіп кетуі

мүмкін.
Құрылғы жұмыс жасап тұрған кезде сырт-сырт еткен дыбыс

естілуі мүмкін (әсіресе, пеште тағам жібіту функциясы орындалып

тұрса).

себебі : Бұл электр қуатының шығыс мөлшері өзгерген кезде

шығатын қалыпты дыбыс.
Жас балаларға микротолқынды пешті қолдануға, онымен ойнауға

ЕШҚАШАН рұқсат бермеу керек. Сонымен қатар, микротолқынды

пеш іске қосылып тұрған кезде де, балаларды қараусыз

қалдыруға болмайды. Баланың көзін тартатын заттарды, пеште

сақтауға немесе оның үстіне қоюға болмайды.
Балаларды құрылғымен ойнамас үшін қадағалап отыру керек.

Қыздырылған сусын немесе тағамдар қатты ыстық болуы мүмкін,

абай болыңыз.
- Әсіресе баланы тамақтандырар алдында, тағамның жеткілікті

салқындағанын тексеріңіз.

Су немесе басқа сұйықтарды ысытқан кезде абай болыңыз.
- Пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін

араластырыңыз.

- Мойыны тар, сырғанақ сауыттарды қолданбаңыз.

- Сауытты қыздырып болғаннан кейін, кем дегенде 30 секунд

өткеннен кейін алыңыз.

- Бұлай істемеген жағдайда, ыдыстың ішіндегісі кенет тасып,

күйіп қалуыңыз мүмкін.

Тағам пісіріп жатқанда немесе пісіріп болғаннан кейін, тағамды

немесе пештің ешбір бөлшегін ұстамаңыз.
- Ас үй қолғабын қолданыңыз, себебі қатты ыстық болса

қолыңыз күйіп қалуы мүмкін.

- Егер керамика ыдыс немесе көп мақсатта пайдаланылатын

кәстрөлді итерсеңіз, ішіндегісі төгіліп, күйіп қалуыңыз мүмкін.

Беті шытынап кетсе, қуат тетігін бұрап құрылғыны сөндіріңіз.
- Бұл нұсқау орындалмаса, электр қатеріне ұрынып қалуыңыз

мүмкін.

Пеш есігінің шынысына өткір затпен сызат түсірмеңіз.
- Бұл шыныға сызат түсіруі немесе сындыруы мүмкін.
Құрылғының үстіне шықпаңыз немесе оның үстіне зат (мысалы,

кір, пештің қақпағы, жанып тұрған шамшырақ, тұтатылған темекі,

ыдыс-аяқ, химиялық заттар, металл заттар т.с.с.) қоймаңыз.
- Киім тәрізді заттар есікке қыстырылып қалуы мүмкін.

- Бұның нәтижесінде электр қатері орын алып, өрт шығуы,

құрылғыға нұқсан келуі немесе адам жарақаттануы мүмкін.

Құрылғыны дымқыл қолмен іске қоспаңыз.
- Электр қатеріне ұшырауыңыз мүмкін.
Құрт-құмырысқаларды құртуға арналған бүріккіштерді пешке

шашпаңыз.
- Бұндай заттар адам үшін ғана қауіпті емес, электр қатерін

тудыруы, өрт шығаруы, құрылғыға нұқсан келтіруі мүмкін.

Құрылғының есігіне немесе ішіне қатты күш немесе қысым

түсірмеңіз.
- Құрылғы деформацияланып қалуы немесе адам электр

қуатының қатерлі әсеріне ұшырауы мүмкін.

- Құрылғы есігіне асылып тұрсаңыз, құрылғы орнынан құлап,

жарақаттанып қалуыңыз мүмкін.

АБАй БОлыҢыЗ

GE83DTR-Y_BWT-03761C_KZ.indd 10

2010-08-10 8:43:02

Advertising