Параметрлерді орнату, Настройка сети – Инструкция по эксплуатации Samsung BD-D5500K

Страница 181

Advertising
background image

36

Қазақша

Параметрлерді орнату

Сеть

Жұмысты бастамас бұрын, Интернет

провайдеріне хабарласып, IP мекенжайының

статикалық немесе динамикалық екенін

анықтап алыңыз. Динамикалық болса, сымды

немесе сымсыз байланыс қолданылып

жатса, Авто процедураларын пайдалануды

ұсынамыз. Сымсыз байланыс қолданылып,

маршрутизатордың бұл мүмкіндігі бар болса,

WPS (PBC) немесе Бір футтық байланыс

функциясын пайдалануға болады.

IP мекенжайы статикалық болса, сымды

байланыстардың да, сымсыз байланыстардың да

параметрлерін қолмен орнату керек.

Настройка сети

Ойнатқыштың желі байланысын орнату үшін,

мына қадамдарды орындаңыз:
1. Негізгі мәзірде ◄► түймелерінің көмегімен

Настройки параметрін таңдап, ЕНГІЗУ

түймесін басыңыз.

2. ▲▼ түймелерінің көмегімен Сеть тармағын

таңдап, ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

3. ▲▼ түймелерінің көмегімен Настройка

сети тармағын таңдап, ЕНГІЗУ түймесін

басыңыз.

4. Кабель, Беспроводн. (общие), WPS(PBC)

немесе One Foot Connection функциясын

таңдау үшін, ▲▼ түймелерін басып, ЕНГІЗУ

түймесін басыңыз.

5. Сымды желі орнатылған болса, төмендегі

«Сымды желі» бөлімін қараңыз. Сымсыз

желілеріңіз бар болса, 37-39 беттердегі

«Сымсыз желі» бөліміне өтіңіз.

Сымды желі

Сымды байланыс орнату - Авто
1. ▲▼ түймелерін басып Кабель тармағын

таңдаңыз.

2. ЕНГІЗУ түймесін басыңыз.

«Состояние сети» экраны пайда болады.

Ойнатқыш желіге желі байланысы

расталғаннан кейін қосылады.

Сымды байланыс орнату - Ручной
IP мекенжайы статикалық болса немесе

Автоматты реттеу мүмкіндігі жұмыс істемесе,

«Настройка сети» мәндерін қолмен орнатуға

қажет болады.

Windows компьютерлерінің көбінде «Настройка

сети» мәндеріңізді көру үшін, төмендегі

қадамдарды орындаңыз.

ƒ Windows XP

1. Windows жұмыс үстелінің төменгі оң

жағындағы желі белгішесін тінтуірдің оң жақ

түймесімен басыңыз.

2. Қалқымалы мәзірден Күй тармағын

таңдаңыз.

3. Көрсетілетін тілқатысу терезесіндегі

«Поддержка» қойындысын ашыңыз.

4. «Поддержка» қойындысында Толық

мәліметтер түймесін басыңыз. Желі

параметрлері көрсетіледі.

ƒ Windows 7

1. Windows жұмыс үстелінің төменгі оң

жағындағы Желі белгішесін басыңыз.

2. Қалқымалы мәзірден Сеть және Бөлісу

орталығы тармағын таңдаңыз.

Настройки

Дисплей
Аудио

Сеть

Система
Язык
Защита
ОбЩие
Поддержка

Настройки сети

>

Перемест " Ввод ' Возврат

Выбор типа сетевого соединения.

Кабель

Беспроводн.

(Общие)

WPS(PBC)

One Foot

Connection

Подключение к сети с использованием сетевого

кабеля. Проверьте, подключен ли сетевой кабель.

BD-D5500K-RU-KAZ-TSEC-2.indd 36

3/24/11 3:31 PM

Advertising