Пісіру панелін қалай пайдалану керек, Пісіру панелін қалай пайдалану керек (жалғасы), Қосу – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642FFGD
Страница 36: Ѳшіру
14
Қосу
Дайындық
1
Басқару панелінің əр тұтқасының жанында келесі белгілер болады
Жағу және реттеу
2
■ Газ құбырының шүмегін ашыңыз.
■ Картрюльді немесе табаны сəйкес конфоркаға қойыңыз
■ Конфоркаға сəйкес реттегіш тұтқасын батырып, оны сол жаққа, яғни жағу жағдайына
қарай бұраңыз. Конфорка жанғанға дейін бірнеше секунд осылай ұстаптұрыңыз.
■ Конфорканы жаққаннан кейін, газ келетін каналды ашатын қыздыру көрсеткіші жұмысты
бастау үшін қызу керек болғандықтан, тұтқаны 5-8 секунд ұстап тұру керек. Осыдан
кейін реттегіш тұтқаны қажетті жағдайға қойыңыз.
■ Егер конфорка жанбай қалса, операцияны қайталаңыз.
■ Реттегішті минимальды жəне максимальды мəндер арасында ақырын бұрау арқылы,
жылу қуаттылығын реттеуге болады.
Пісіру панелін қалай пайдалану керек
■ Минимальды мəн, реттегіш түтқасын сағат тіліне қарсы бағытта тоқтағанға дейін
бұрағанда орнайды.
■ Жұмыс жағдайы минимальды жəне максимальды мəндер арасында орналасуы қажет.
■ Тұтқаның жанындағы басқару панеліндегі белгілер, тұтқаның қай конфоркаға тиесілі
екендігін көрсетеді.
■ Жағу құрылғылары ластанған болса, конфоркаларды жағу қиынға түседі.
Сондықтан оларды таза ұстау керек. Тазарту үшін кішкене щеткаларды
пайдалануға болады. Тазарту кезінде жағу құрылғысын қатты соғуға
болмайды.
■ Жалынды бақылау құрылғысы 15 секундтан артық жұмыс істеуіне
болмайды. Егер 15 секундтан кейін конфорка жанбаса, онда қайта жағу
үшін кем дегенде 1 минут күту қажет.
Шеңбер – газ өшірулі
Кіші жалын –
орнатылым минимальды
Үлкен жалын –
орнатылым максимальды
Жану жағдайы
15
Газды қалай сѳндіру керек
3
■ Реттегіштің тұтқасын сағат тілімен бағыттас «О» (өшіру) жағдайына дейін бұраңыз.
■ Газ құбырының шүмегін жабыңыз
■ Пісіру панелін өшіргеннен кейін, панель беті біраз уақытқа дейін ыстық
болып тұрады. Күйіп қалмау үшін абай болыңыз!!!
■ Берілген құрал жалын күшін бақылауға арналған қондырғымен
жабдықталған. Су тигенде немесе қатты желдің əсерінен жалын сөніп
қалған жағдайда, қондырғы конфоркаға газдың келуін тоқтатады.
■ Егер жалын өшіп қалса, реттегіштің тұтқасын өшіру жағдайына бұраңыз.
Газды қайтадан жағу үшін, кем дегенде 1 минуттан кейін ғана қайталаңыз.
Ѳшіру
Пісіру панелін қалай пайдалану керек
(Жалғасы)