Пайдалану (жалғасы), Назар аударыңыз – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642FFGD
Страница 33
8
■ Пісіру панелінің қасына тез
тұтанатын заттарды қоюға болмайды.
■ Жұмыс істеп тұрған панельге жақын
жерде аэрозольдерді пайдалануға
болмайды.
■ Тез бұзылатын өнімдер, пластикалық
заттар, аэрозольдар жоғары температура
əсерінен бүлінулері мүмкін. Сондықтан
оларды пісіру панелінің жоғарғы жағында
немесе оның жанында
сақтауға
болмайды.
■ Пісіру панелі пайдаланылмаған
кезде, құралдың барлық тұтқалары
«өшіру» жағдайында болуы керек.
Пайдалану (Жалғасы)
■ Құралды əр кез пайдаланғаннан
кейін, газ құбырындағы бекіту вентилі
жабық тұруы керек.
■ Электр сымдары бүлінген жағдайда,
қауіпсіздік үшін оны өндіруші агент
немесе сəйкес мамандалған
тұлғалар сымдарды ауыстырулары
керек.
9
Назар аударыңыз
Пайдалану (Жалғасы)
■ Берілген пісіру панелі тек үй жағдайында тамақ дайындауға ғана арналған. Ол
коммерциялық немесе өндірістік мақсаттарға пайдалануға арналмаған.
■ Пісіру панелін ұзақ уақыт пайдаланған жағдайда, қосымша желдетулер қажет
болуы мүмкін. Мысалы терезелерді ашу немесе жасанды желдету қолданылса,
желдету интенсивтілігін арттыру.
■ Ыстық ыдыстарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру кезінде ыстыққа төзімді
ұстағыштар немесе қолғаптар пайдалану керек.
■ Ұстағыштар мен қолғаптардың су болмауын қадағалаңыз. Себебі, дымқыл
материалда жылу өткізгіштік жоғарылайды. Соның салдарынан күйіп қалуыңыз
мүмкін.
■ Конфоркаларды тек оған ыдысты қойғаннан кейін ғана пайдаланыңыз. Іші бос
ыдыстарды қыздыруға болмайды.
■ Пісіру панелінде пластикалық ыдыстарды жəне алюминийлі фальгадан жасалған
ыдыстарды пайдалануға болмайды.
■ Басқа да электр құралдарын пайдаланған кезде олардың электр сымдарының
пісірупанелінің бетіне тимеуіне көз жеткізіңіз.
■ Егер сіздің ағзаңызға қандай да бір медициналық құрал орнатылған болса,
мысалыкардиостимулятор, онда пісіру панелін пайдаланар алдында дəрігерден
кеңес алыңыз.
■ Панельден ыдысты алған кезде, ұстағыштардың ашық от жалынына тиіп кетпеуін
қадағалаңыз.
■ Сүлгілер немесе басқа да үлкен көлемді материалдарды ұстағыш ретінде
пайдалануға болмайды.
■ Ондай заттар конфоркаға жақындағанда жанып кетуі мүмкін.
■ Шыны ыдыстарды қолданған кезде, оның пісіру панелінде қолдануға
арналғандығына көз жеткізіңіз.
■ Күйіп қалмау үшін, жеңіл тұтанатын заттардың жанып кетпеуі үшін, ыдыстың
тұтқасын көршілер конфоркалардан алшақ, панельдің сыртына қарай немесе
ортасына қарай бұрып қою керек.
■ Ыдысты пісіру панелінен алмас бұрын, ең алдымен конфоркаларды өшіріңіз.
■ Қатты жалында қуырылатын тамақты əр уақытта бақылап отыру керек.
■ Майларды біртіндеп қыздыру керек жəне қуырылатын тағамдар неғұрлым құрғақ
болғаны дұрыс. Мұздатылған өнімдердегі мұз шықтары мен су тамшылары ыстық
майда қайнап, ыдыстың сыртына шашырауы мүмкін.
■ Ыстық майы бар ыдыстарды басқа орынға ауыстыруға тырыспаңыз. Май
суығанғадейін күтіңіз.