Қауіпсіздік жѳніндегі ескертулер, Орнату, Қауіптілік – Инструкция по эксплуатации Samsung GN642FFGD

Страница 31: Ескерту, Назар аударыңыз

Advertising
background image

4

Қауіпсіздік жѳніндегі ескертулер

■ Сіздің қауіпсіздігіңіз Samsung компаниясы үшін ең маңыздысы болып табылады.

■ Пісіру панелін орнатар немесе пайдаланар алдында қауіпсіздік шаралары жөніндегі

ескертулерді мұқият оқып шығу қажет.

■ Берілген нұсқаулық, келешекте, қандай да бір анықтамалар алу керек болған жағдайда,

пісіру панелімен бірге сақталуы керек. Егер пісіру панелі басқа бір адамға сатылса немесе

берілсе, нұсқаулықтың жаңа тұтынушыға берілгеніне көз жеткізіңіз.

■ Аталған нұсқаулықта берілген құралды пайдалану ережелерін сақтау керек. Егер берілген

қауіпсіздік шаралары сақталмаса, өндіруші ол үшін жауапкершілікті мойнына алмайды.

■ Төменде көрсетілген белгілер, пісіру панелін дұрыс пайдаланбаған жағдайда, қажетті

қауіпсіздік шараларын тез түсіну үшін жəне қайғылы оқиғалардың алдын алуға арналған.

■ Нұсқаулықты оқу алдында, төменде берілген мəліметтерді толық анықтап алыңыз.

Қауіптілік/ Ескерту

бұл ескертуді елемеген жағдайда, тұтынушы өміріне

қауіпті жарақаттар алуы мүмкін.

Назар аударыңыз

бұл ескертуді елемеген жағдайда тұтынушы жарақат

алуы немесе материалдық шығынға ұшырауы мүмкін.

Төменде көрсетілген белгілер келесі мағыналарды білдіреді

Қауіпті. Ескерту жəне назар аударыңыз

Тыйым салынады

От қауіпі

Міндетті түрде орындау

Қауіптілік

Егер ауаға газдың шығып кеткенін сезсеңіз, келесі

шараларды жүзеге асырыңыз.

- Қопарылысқа əкелетін іс-əрекеттерді жасамаңыз: жарықты жақпаңыз,ешбір электр

құралдарын қоспаңыз, ауаға газ тараған бөлмеде телефонды пайдаланбаңыз, от

тұтатпаңыз.

1 Пісіру панелін пайдалануды тоқтатыңыз, газ құбырларының шүмектерін жабыңыз.

2 Бөлменің ауасын тазарту үшін терезелерді ашыңыз, уланып қалмау үшін газ

тараған бөлмеден кетіңіз.

3 Газды пайдалану жөніндегі жергілікті қызмет көрсету орындарына хабарлаңыз.

Қопарылыс немесе өрт кету қаупін тудырмау үшін, телефонды газ тараған

бөлмеден тыс жерде пайдаланыңыз.

* Егер пісіру панелінде от ретінде газ қолданылса, оның құрамында меркаптан

болады. Оның өзіне тəн иісінің ( шіріген сарымсақтың немесе шіріген жұмыртқаның

иісіне ұқсас иіс) болуына байланысты ауауға газдың шығып кетуін оңай аңғаруға

болады. Мұндай иістің ауадағы қатынасы 1/1000 қатынасындай болғанның өзінде

оны сезуге болады.

5

Орнату

Ескерту

■ Құралды түтін шығарғыш мұржаға

қосуға болмайды. Құралды пайдалану

жөніндегі нұсқаулыққа жəне қазіргі

кездегі газды пайдалану мен қауіпсіздік

ережелеріне сəйкес орнатылуы қажет.

Бөлме ауасының жақсы желдетіліп

тазартылатынына назар аударыңыз.

■ Панельді орнатар алдында газ типі

мен электр көзінің параметрлерінің

панелдекөрсетілген техникалық

мəліметтермен сəйкестігіне көз

жеткізіңіз.

■ Берілген пісіру панелін қандай да бір

жылжымалы көліктерге немесе

кемелерге орнатуға болмайды.

■ Газ құбырлары мен электр

кабельдерін пісіру панеліне

тимейтіндей етіп орналастыру керек.

■ Пісіру панелін білікті техникалық мамандар немесе монтаж жасаушылар ғана

орнатуларына болады.

■ Панельдің реттегіштерін орнату, нұсқаулықтағы техникалық мəліметтер берілген

кестеде көрсетілген.

■ Панельді қорабынан алғаннан кейін, онда ешбір ақаулардың болмауынан жəне

электр сымдарының бүлінбегеніне көз жеткізіңіз. Егер қандай да бір ақауларды

байқаған болсаңыз, құралды орнатпай тұрып сатушыға хабарлаңыз.

■ Пісіру панеліне жақын орналасқан жиһаздар мен панельді орнату кезінде

пайдаланылған барлық материалдар, панель орнатылған бөлменің

температурасынан, кем дегенде 85ºС жоғары температураға төзімді болулары

керек.

■ Пісіру панелін пайдаланар алдында барлық қаптағыш материалдарын алып

тастаңыз.

Назар аударыңыз

G30,G31 G20

220V 110V

Advertising