Жұмыс барысында естілетін шуыл, Жарамды ыдыс-аяқ, 23 жұмыс барысында естілетін шуыл – Инструкция по эксплуатации Samsung CTN464KC01
Страница 95: 23 жарамды ыдыс-аяқ, Қуатты үнемдеу туралы кеңес
Казақ - 23
ЖҰМЫС БАРЫСЫНДА ЕСТІЛЕТІН ШУЫЛ
Егер келесі шуылдарды естісеңіз:
• Сырт-сырт еткен дыбыс: ыдыс басқа материалдардан жасалған.
• Ысқырған дыбыс: екіден артық пісіру алаңы қолданылуда және басқа
материалдан жасалған ыдыс пайдаланылуда.
• Ызыңдаған дыбыс: жоғары деңгейдегі қуат қолданылуда.
• Тырс-тырс еткен дыбыс: электр қуаты қосылуда.
• Ысылдаған, ызыңдаған дыбыс: салқындатқыш жұмыс істеп тұр.
Бұндай шуылдар қалыпты болып есептеледі және ешбір ақаулықты білдірмейді.
ЖАРАМДЫ ЫДЫС-АЯҚ
Ыдыс жақсы болса, пісіру нәтижесі де жақсы болады.
• Жақсы ыдысты табанына қарап ажыратуға болады. Ыдыстың табаны
барынша қалың, әрі барынша тегіс болуы керек.
• Жаңа ыдыс сатып аларда, олардың табанының диаметріне ерекше назар
аударыңыз. Әдетте өндіруші тек ыдыстың ернеуінің диаметрін ғана көрсетеді.
• Табанына нұқсан келген немесе табанының жиектері кедір-бұдыр ыдыстарды
қолданбаңыз. Бұндай ыдыстарды пеш үстіне қойып сырғытса, оған кетпейтін
сызат түсуі мүмкін.
• Әдетте, суық ыдыстардың табаны сәл ішке кіріп (ойыс) тұруы мүмкін. Оларды
ешқашан сыртқа (дөңес) шығармау керек.
• Егер арнайы ыдыс түрін қолданғыңыз келсе, мысалы бу кәстрөлін, баяу
қайнататын ыдысты немесе қазанды қолдансаңыз, өндіруші нұсқауларын
орындаңыз.
Қуатты үнемдеу туралы кеңес
Төмендегі нұсқауларды орындау арқылы қуатты үнемдей аласыз.
• Пісіру алаңдарын әрқашан
кәстрөлдер мен табаны
қойғаннан кейін іске қосыңыз.
• Қоқыс тұрып қалған пісіру
алаңдары мен ыдыстың табаны,
көп қуат шығыңдайды.
• Мүмкін болса, кәстрөлдер
мен ыдыстардың қақпақтарын
нығыздап жабыңыз.
• Тағамды қалдық қызу көмегімен
жылы ұстау немесе жібіту үшін,
пісіру алаңдарын пісіру уақыты
аяқталардан бұрын сөндіріңіз.
07 ПЕШТІҢ ҮС
ТІН ҚО
ЛДАНУ
Дұрыс!
Теріс!
CTN464NC01_BWT_DG68-00345A-07_KK.indd 23
2014-07-11 10:55:46