Қызмет көрсету, Бұл техникалық ақаулық па – Инструкция по эксплуатации Samsung NZ63F3NM1AB

Страница 128

Advertising
background image

128_КЕПІЛДІК ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Көмек немесе қызмет алу үшін қоңырау шалу алдында

«Ақаулықтарды жою» бөлімін қараңыз.

Əлі де көмек қажет болса, төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

Бұл техникалық ақаулық па?

Солай болса, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына

хабарласыңыз.

Сөйлесуге əрқашан алдын ала дайындалыңыз. Бұл мəселені

анықтау процесін жеңілдетеді жəне тұтынушыларға қызмет

көрсету орталығы маманының келуі қажет пе, соны шешуді

жеңілдетеді.

Келесі ақпаратты ескеріңіз.

• Мəселенің түрі қандай?

• Мəселе қандай жағдайларда орын алды?

Қоңырау шалғанда, құралдың үлгісі мен сериялық нөмірін

біліңіз. Бұл ақпарат көрсеткіштер тақтасында берілген:

• Үлгінің сипаттамасы

• С/Н коды (15 сан)

Мұндағы ақпаратты анықтама үшін жазып алу ұсынылады.

Үлгі:
Сериялық нөмір:

Тіпті кепілдік кезеңінде қандай жағдайларда ақы

алынады?

• Егер «Ақаулықтарды жою» бөлімінде берілген шешімдердің

біреуін қолданып, мəселені өзіңіз шеше алсаңыз.

• Егер тұтынушыларға қызмет көрсету орталығының маманы

келуі алдында бүкіл қажет ақпарат берілмегендіктен бірнеше

рет келсе жəне нəтижесінде, мысалы, бөлшектерді алу үшін

тағы бірнеше рет келуі керек болса. Жоғарыда

сипатталғандай қоңырауға дайындалу осы келулердің

шығынын үнемдейді.

Advertising