Инструкция по эксплуатации LG 55LM960V

Страница 77

Advertising
background image

11

ENG

ҚАЗАҚША

ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛАР

Көру жасы

y

Сәбилер/балалар

5 жастан төмен балалар үшін 3D мазмұнды пайдалану/көруге тыйым салынады.
10-нан төмен жастағы балалар шамадан тыс жауап береді және тым әсерленеді, өйткені
олардың көздері жетілуде (мысалы: экранды түрту әрекеті немесе оған секіру әрекеті. 3D
мазмұнды көріп отырған балаларға ерекше назар аудару керек.
Балалардың 3D көрсетілімдердегі бинокулярлық диспараттығы үлкендерден жоғарырақ, өйткені
көздерінің арасындағы қашықтық үлкендердікінен қысқарақ. Сондықтан олар бір 3D кескіні үшін
үлкендермен салыстырғанда көбірек стереоскопиялық тереңдікті алады.

y

Жасөспірімдер

19-дан төмен жасөспірімдер 3D мазмұндағы жарықтың әсерінен сезімталдықпен жауап беруі
мүмкін. Оларға шаршап тұрғанда 3D мазмұнды көруден ұстануға кеңес беріңіз.

y

Қариялар

Қариялар жастарға қарағанда азырақ 3D әсерін түйсінеді. Теледидарға ұсынылғаннан
жақынырақ қашықтықта отырмаңыз.

3D көзілдірігін қолдану кезіндегі ескертулер

y

LG 3D көзілдірігін пайдаланыңыз. Әйтпесе, 3D бейнелерді тиісті түрде көрмеуіңіз мүмкін.

y

3D көзілдірігін қалыпты көзілдіріктің, күннен қорғайтын немесе қорғаныс көзілдірігінің орнына
пайдаланбаңыз.

y

Өзгертулер енгізген 3D көзілдірікті пайдалану көзге жүктеме түсіруі немесе кескінді бұрмалауы
мүмкін.

y

3D көзілдірігін қатты ыстық немесе суық температурада ұстамаңыз. Бұл деформациялануды
тудырады.

y

3D көзілдірігі нәзік және оңай сызылады. Линзаларды сүрткенде әрқашан жұмсақ, таза
шүберекті пайдаланыңыз. 3D көзілдірігінің линзаларын өткір заттармен қырмаңыз немесе
оларды химиялық заттармен сүртпеңіз.

Көру ортасы

y

Көру қашықтығы

3D пішіміндегі бейнелерді экран диагоналінің ұзындығынан екі еселік қашықтықта көруді
ұсынамыз. 3D мазмұнды көргенде ыңғайсыздықты сезінсеңіз, теледидардан алыстау отырыңыз.

ЕСКЕРТУ

Advertising
Эта инструкция подходит к следующим моделям: