Әркүндік қолдану, 1 қосу және сөндіру, 2 автоматты түрде сөндіру – Инструкция по эксплуатации Electrolux EHL96740FK

Страница 8: 3 қызу параметрі, 4 көпір функциясы

Advertising
background image

OptiHeat Control қалдық қызудың деңгейін

көрсетеді. Индукциялық пісіру алаңдары

тамақты ыдыстың түбінен тура пісіру үшін

қажетті қызуды қамтамасыз етеді. Ыдыстағы

қалдық қызу пештің шыны керамикасын

қыздырады.

4. ӘРКҮНДІК ҚОЛДАНУ

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.

4.1 Қосу және сөндіру

Құрылғыны қосу немесе сөндіру үшін

белгісін 1 секунд басыңыз.

Құрылғыны іске қосқаннан кейін басқару

панелі жанады, құрылғыны сөндірген кезде

басқару панелі сөнеді.

Құрылғыны сөндіргеннен кейін сенсорлық

өрісті ғана көре аласыз.

4.2 Автоматты түрде сөндіру

Функция құрылғыны төмендегі жағдайларда

автоматты түрде тоқтатады:
• Пісіру алаңдарының барлығы өшсе ( ).
• Құрылғыны іске қосқан соң қызу параметрін

орнатпасаңыз.

• Басқару панеліне бір нәрсе төгіліп қалса

немесе ол 10 секундтан артық (ыдыс, киім

т.с.с.) жабық қалса. Дыбыстық сигнал біраз

уақыт естіліп тұрады да, құрылғы сөнеді.

Заттарды алыңыз немесе басқару панелін

тазалаңыз.

• Құрылғы қатты қызып кетсе (мысалы,

кәстрөлдің ішіндегісі сарқылғанша

қайнаса). Құрылғыны қайта қолданар

алдында пісіру алаңы салқындағанша

күтіңіз.

• Егер сай келмейтін ыдыс пайдаланылса.

белгісі жанып, пісіру алаңы 2 минуттан

кейін автоматты түрде сөнеді.

• Пісіру алаңын тоқтатпасаңыз немесе қызу

параметрін өзгертпесеңіз. Шамалы

уақыттан кейін жанады да, құрылғы

жұмысын тоқтатады. Келесі ақпаратты

қараңыз.

• Қызу параметрі мен Автоматты түрде

сөндіру функциясы уақыттарының ара

қатынасы:

, - — 6 сағат

- — 5 сағат

- — 4 сағат

-

— 1.5 сағат

4.3 Қызу параметрі

Қызу параметрінің басқару жолағын түртіңіз.

Қажет болса, сағат тілінің бағытымен немесе

оған қарсы өзгертіңіз. Дұрыс қызу параметрі

орнатылмайынша босатпаңыз. Бейнебетте

қыздыру параметрі көрсетіледі.

180 мм-ден үлкен ыдысты пайдаланғанда,

өндіруші оны артқы пісіру алаңдарына қоюды

ұсынады.

4.4 Көпір функциясы

Көпір функциясы екі пісіру алаңын өзара

қосады да, олар бір пісіру алаңы ретінде

жұмыс істейді.

Алдымен пісіру алаңдарының біріне қызу

параметрін орнатыңыз.

Көпір функциясын сол/оң жақ пісіру алаңдары

үшін қосқыңыз келсе, / белгісін түртіңіз.

Қызу параметрін орнату немесе өзгерту үшін

сол/оң жақ басқару сенсорларының бірін

түртіңіз.

Көпір функциясын сөндіру үшін /

белгісін түртіңіз. Пісіру алаңдары дербес

жұмыс істейді.

Пісіру алаңдары жұбының біреуін ғана

қолдану керек болғанда, артқы пісіру алаңын

қолдануды ұсынамыз. Сондай-ақ, үлкен

ыдысты қолданған кезде артқы пісіру алаңына

жақындатып қоюды ұсынамыз.

8

www.electrolux.com

Advertising