Ақаулықты түзету, 2 бүріккіш түтіктерді тазалау, 3 сыртын тазалау – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W

Страница 26: 4 ішін тазалау

Advertising
background image

A1

A2

2.

(A) сүзгісін бөлу үшін, (A1) және (A2)

бөліктерін ажыратыңыз.

3.

(B) сүзгісін алыңыз.

4.

Сүзгілерді сумен жуыңыз.

5.

(B) сүзгісін орнына салар алдында,

сорғының ішінде немесе айналасында

тағам қалдығының немесе қоқыстың жоқ

екеніне көз жеткізіңіз.

6.

(B) сүзгісінің 2 бағыттағыштың астына

(C) дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

7.

(A) сүзгісін құрастырып, (B) сүзгісіне

салыңыз. Сырт етіп орнына түскенше

сағат тілінің бағытымен бұраңыз.

Сүзгілер дұрыс салынбаса, жуу

нәтижесі қанағаттанғысыз болуы

және құрылғыға нұқсан келуі мүмкін.

8.2 Бүріккіш түтіктерді тазалау

Бүріккіш түтіктерді ағытып алмаңыз.

Бүріккіш түтіктердің тесіктері бітеліп қалса,

қалдықтарды жіңішке шырпымен тазалаңыз.

8.3 Сыртын тазалау

Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен

тазалаңыз.

Тек бейтарап тазартқыш заттарды

қолданыңыз. Жеміргіш заттарды, түрпілі

жөкені немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

8.4 Ішін тазалау

Егер қысқа бағдарламаларды жиі

пайдалансаңыз, құрылғының ішінде май

немесе әк жиналып қалуы мүмкін.

Бұндай жағдайдың алдын алу үшін ұзақ

бағдарламаларды айына кем дегенде 2 рет

қосып орындауды ұсынамыз.

9. АҚАУЛЫҚТЫ ТҮЗЕТУ

Құрылғы жұмысын бастамай жатыр немесе

жұмыс жасап тұрған кезде тоқтап қалады.

Қызмет көрсету орталығына хабарласпай

тұрып, ақаулықты шешуге қатысты

ұсыныстарды орындаңыз.

Кей ақаулықтарда түрлі индикаторлар үздіксіз

немесе ара-тұра жыпылықтап, сонымен қатар

ескерту кодын көрсетеді.

Ескерту коды

Ақаулық

• Бастау индикаторы үздіксіз

жыпылықтайды.

• "Соңы" индикаторы 1 рет

жыпылықтайды.

Құрылғыға су құйылмай тұр.

• Бастау индикаторы үздіксіз

жыпылықтайды.

• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-тұра

жыпылықтайды.

Құрылғыдан су ақпайды.

26 www.electrolux.com

Advertising