Ақыл-кеңес, 1 су жұмсартқыш, 2 тұз, шайғыш зат және жуғыш затты пайдалану – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W

Страница 24: 3 таблетка тәрізді құрама жуғыш затты пайдалану, 4 себеттерді толтыру

Advertising
background image

1. Құрылғыны сөндіріңіз. Бағдарлама тетігін

бағдарлама таңбасы қосу/сөндіру

қалпына келгенше бұраңыз.

2. Судың шүмегін жабыңыз.

Маңызды
• Ыдыс-аяқтарды құрылғыдан суығаннан

кейін ғана алыңыз. Ыстық ыдыстар осал

келеді.

• Алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін

үстіңгі себеттегі ыдысты алыңыз.

• Құрылғының қабырғалары мен есігіне су

тұруы мүмкін. Тот баспайтын болат, ыдыс-

аяққа қарағанда тез салқындайды.

7. АҚЫЛ-КЕҢЕС

7.1 Су жұмсартқыш

Кермек судың құрамында құрылғыға нұқсан

келтіруі және жуу нәтижесіне жаман әсер етуі

мүмкін минералдар өте көп мөлшерде

кездеседі. Су жұмсартқыш бұл минералдарды

бейтарап етеді.

Ыдыс жуғыш машинаға арналған тұз су

жұмсартқышты таза, жақсы қалыпта ұстайды.

Су жұмсартқыштың дұрыс деңгейін орнатқан

маңызды. Бұл су жұмсартқыштың ыдыс

жуғыш машина тұзы мен суды дұрыс

мөлшерде қолдануын қамтамасыз етеді.

7.2 Тұз, шайғыш зат және жуғыш

затты пайдалану

• Тек ыдыс жуғыш машинаға арналған тұзды,

шайғыш және жуғыш затты пайдаланыңыз.

Басқа өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі

мүмкін.

• Соңғы шаю циклі кезінде шайғыш зат

ыдыстарға ешбір жолақ, дақ қалдырмай

құрғатуға көмектеседі.

• Аралас жуғыш таблеткалардың құрамында

жуғыш зат, шайғыш зат және басқа

қоспалар бар. Бұл заттардың тұратын

жеріңіздегі судың кермектігіне сай

келетініне көз жеткізіңіз. Өнімдердің

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

• Жуғыш таблеткалар қысқа

бағдарламаларда әбден ерімейді. Жуғыш

заттардың қалдықтары ыдыстарға тұрып

қалмас үшін жуғыш таблеткаларды

пайдаланғанда ұзақ бағдарламаларды

қолдануды ұсынамыз.

Жуғыш затты қажетті мөлшерден

артық пайдаланбаңыз. Жуғыш заттың

орамындағы нұсқауларды қараңыз.

7.3 Таблетка тәрізді құрама жуғыш

затты пайдалану

Тұз және шайғыш заты бар таблеткаларды

қолданғанда, тұз сауыты мен шайғыш зат

сауытын толтырмаңыз. Шайғыш заттың

сауыты босап қалса, шайғыш зат индикаторы

үнемі жанады.
1. Су жұмсартқышты ең төмен мәнге

қойыңыз.

2. Шайғыш затты үлестіру мөлшерін ең

төмен мәнге қойыңыз.

Егер аралас таблетканы қолдануды

тоқтатсаңыз, жуғыш зат, шайғыш

зат мен ыдыс жуғыш тұзды жеке-

жеке қолданар алдында мына

қадамдарды орындаңыз:

1. Су жұмсартқышты ең үлкен мәнге

қойыңыз.

2. Тұз сауыты мен шайғыш зат үлестіргішінің

толы екеніне көз жеткізіңіз.

3. Шаю циклы бар ең қысқа жуу

бағдарламасын, жуғыш зат қолданбай

және ыдыс салмай орындаңыз.

4. Су жұмсартқышты өзіңіз тұратын жердегі

судың кермектігіне лайықтап қойыңыз.

5. Шайғыш заттың қосылатын мөлшерін

реттеңіз.

7.4 Себеттерді толтыру

Себеттерді толтыру мысалдары

көрсетілген парақшаны қараңыз.

• Құрылғыны ыдыс жуғыш машинада жууға

болатын заттарды жуу үшін ғана

қолданыңыз.

24 www.electrolux.com

Advertising