Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде есікті ашу, Бағдарламаны біржола тоқтату, Бағдарламаның соңы – Инструкция по эксплуатации Electrolux ESF43005W

Страница 23

Advertising
background image

6.2 Бағдарламаны орнату және

бастау

Параметрлерді орнату режимі

Бағдарламаны бастау үшін құрылғы

параметрлерді орнату режимінде

тұруға тиіс.

• Бағдарлама тетігін бағдарлама таңбасы

басқару панеліндегі бағдарламаға дәл

келгенше бұраңыз. Егер қосу/сөндіру

индикаторы жанса, бағдарламаның цикл

индикаторы жыпылықтай бастаса, құрылғы

параметрлерді орнату режимінде тұрады.

• Бағдарлама тетігін бағдарлама таңбасы

басқару панеліндегі бағдарламаға дәл

келгенше бұраңыз. Егер қосу/сөндіру

индикаторы мен бастау индикаторы жанып,

цикл индикаторы тұрақты жанған қалпы

қалса, құрылғы параметрлерді орнату

режимінде тұрмайды.

Құрылғыны параметрді орнату режиміне қою

үшін бастау түймешігін бастау индикаторы

сөнгенше және бағдарламаның цикл

индикаторлары жыпылықтай бастағанша

басып ұстап тұрыңыз.

Кешіктіріп бастау функциясы жоқ

бағдарламаны бастау

1. Су құятын шүмекті ашыңыз.
2. Құрылғы есігін жабыңыз.
3. Бағдарлама тетігін бағдарлама таңбасы

орнатқыңыз келген бағдарламаға

келгенше бұраңыз.
• Қосу/сөндіру индикаторы жанады.
• Орнатылған бағдарламаның цикл

индикаторлары жыпылықтай бастайды.

4. Бастау түймешігін басыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Бастау индикаторы жанады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы

ғана жанып тұрады.

Кешіктіріп бастау функциясы бар

бағдарламаны бастау

1. Бағдарламаны орнатыңыз.
2. Бағдарламаны кешіктіріп бастау

түймешігін бағдарламаны 3 сағатқа

кешіктіріп бастау үшін басыңыз. Кешіктіріп

бастау индикаторы жанады.

3. Бастау түймешігін басыңыз. Кері санақ

басталады.
• Бастау индикаторы жанады.
• Орнатылған бағдарлама циклдарының

индикаторлары сөнеді.

• Кері санақ аяқталған кезде, бағдарлама

басталады.
– Орындалып тұрған циклдің индикаторы

жанады.

Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде

есікті ашу

Есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды. Есікті

жапқаннан кейін, құрылғы тоқтаған жерінен

бастап жұмыс істейді.

Кері санақ жұмыс істеп тұрған кезде

кешіктіріп бастау функциясын

біржола тоқтату

1. Бастау түймешігін, бастау индикаторы

мен кешіктіріп бастау функциясының

индикаторы сөнгенше басып ұстап

тұрыңыз.
• Орнатылған бағдарламаның цикл

индикаторлары жыпылықтай бастайды.

2. Бастау түймешігін басыңыз. Бағдарлама

басталады.
• Бастау индикаторы жанады.
• Орындалып тұрған циклдің индикаторы

ғана жанып тұрады.

Бағдарламаны біржола тоқтату

Бастау түймешігін бастау индикаторы сөніп,

бағдарлама циклының индикаторлары

жыпылықтай бастағанша басып ұстап

тұрыңыз.

Жаңа жуу бағдарламасын бастар

алдында, жуғыш зат үлестіргіште

жуғыш заттың бар екеніне көз

жеткізіңіз.

Бағдарламаның соңы

Бағдарлама аяқталған кезде, "соңы"

индикаторы жанады.Құрылғыны 3 минут

ішінде сөндірмесеңіз, қосу/сөндіру

индикаторы ғана жанып тұрады. Бұл электр

қуатын аз тұтынуға көмектеседі.

ҚАЗАҚ

23

Advertising