Пештің үсті - пайдалы ақыл-кеңес, Пештің үсті - күтіп ұстау және тазалау, 1 қуат үнемдеу – Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG61100OW

Страница 10

Advertising
background image

6. ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС

6.1 Қуат үнемдеу

• Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің

қақпағын әрдайым жабыңыз.

• Сұйықтық қайнай бастағанда, оны

ақырындап қайнату үшін отты азайтыңыз.

Назарыңызда болсын!

Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін

табалар мен кәстрөлдерді

пайдаланыңыз.

Пеш тақтасының шетінен шығып

тұратын қазан-кәстрөлдерді

қолданбаңыз.

Оттық

Тамақ пісіретін

ыдыстың диаметрі

Жылдам

160 - 240 мм

Жартыла

й жылдам

140 - 240 мм

Қосымша

120 - 180 мм

Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше тегіс

ыдысты қолданыңыз.

7. ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ

Назарыңызда болсын!

"Қауіпсіздік туралы мағлұматтар"

тарауын қараңыз.

Назарыңызда болсын!

Құрылғыны тазалардан бұрын

сөндіріңіз де, суығанша күтіңіз.

Назарыңызда болсын!

Қауіпсіздік мақсатында құрылғыны

бумен тазалағыш немесе жоғары

қысыммен тазалағыш құралдармен

тазаламаңыз.

Назарыңызда болсын!

Түрпілі тазартқыш, болат сымнан

жасалған ысқыш немесе

қышқылдарды қолданбаңыз, олар

құрылғыны бүлдіруі мүмкін.

• Эмальмен қапталған бөліктерін, қақпағы

мен шілтерін тазалау үшін жылы сабын

сумен жуыңыз.

• Тот баспайтын болат бөліктерін сумен

жуыңыз да, жұмсақ шүберекпен

құрғатыңыз.

• Ыдыс тірегіштер ыдыс жуғыш машинада

жууға төзімді емес; оларды қолмен жуу

керек.

• Тазалап болғаннан кейін таба тағандарын

дұрыс орнатуды ұмытпаңыз.

• Оттықтар дұрыс жануы үшін таба

тағандарының тармақтары оттықтың

ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.

• Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба

тағандарын орнына қойған кезде абай

болыңыз.

Тазалап болғаннан кейін құрылғыны жұмсақ

шүберекпен құрғатыңыз.

10 www.electrolux.com

Advertising